$ 519.57  612.78  6.61

Бүгін «Тәуелсіз Қазақстаным» пойызы жолға шығады

Бүгін сағат 13:35-те Астанадағы теміржол вокзалы алаңында Қазақстан халқы ассамблеясының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстаным» пойызы» республикалық акциясы бастау алады.

Республикалық әлеуметтік акцияның мақсаты – Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктермен таныстыру, халық бірлігін нығайту, мемлекет дамуының негізгі қағидаттары аясында қоғамды біріктіру, әлеуметтік және қоғамдық-мәдени іс-шаралар өткізу, халыққа медициналық, әлеуметтік және құқықтық қызмет көрсету, сондай-ақ ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік салалар бойынша консультативтік қызмет көрсету

Акцияның салтанатты басталу рәсіміне ҚР Мемлекеттік хатшысы – Гүлшара Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары – Ералы Тоғжанов, ҚР Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары – Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымының мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ қызметкерлері, қала тұрғындары қатысады.

Іс-шара барысында Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен мерекелік бағдарлама өтеді.

«Тәуелсіз Қазақстаным» пойызы 43 күн ішінде Қазақстаннның 35 елді мекенінде аялдап, 14 желтоқсанда Алматы қаласында жұмысын аяқтайды. Пойыз қызметі аясында барлық әлеуметтік топтар қамтылады, әлеуметтік аз қамтылған топтарға, ҰОС ардагерлеріне, еліміздің шалғайындағы тұрғындарға ерекше көңіл бөлінеді. 

Пойыз құрамында – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, мәдениет пен спорт қайраткерлері, медицина қызметкерлері, әлеуметтік сала мамандары бар. Дәрігерлер тұрғындарға медициналық қызмет көрсетіп, кеңес беру қызметін көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары