$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО-да «Ырыс» ұйымы қаржыландырған 25 үздік жоба анықталмақ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, «Ырыс» микроқаржы ұйымы өзі арқылы қолдау тапқан кәсіпкерлер ішінен ең үздіктерін анықтауды бастады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Үздік жоба» аталымы - «Ырыс» қаржы ұйымынан алған несиені мақсатты пайдаланған, ай сайынғы төлемін уақытылы қайтарып отырған және облысымыздың кәсіпкерлік саласын дамытуға үлес қосып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізіп отырған 25 кәсіпкерге табысталады.

16 желтоқсанға дейін жалғасатын шараның нәтижесі туралы барлық ақпаратты жергілікті БАҚ пен «Ырыс» МҚҰ-ның әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы білуге болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Ырыс» МҚҰ арқылы 3 266,9 млн. теңгеге 1499 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде, көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына құны 1 387,9 млн. теңгені құрайтын 834 жоба жүзеге асырылса, мал бордақылау алаңдарын салу үшін 1 427,1 млн. теңгеге 541 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, шағын тауарлы сүт фермаларын ашу мақсатында құны 79,1 млн. теңгеге 33 жоба іске қосылып, басқа да қызмет түрлеріне кіретін жобаларға құны 372,7 млн. теңгені құрайтын 91 жоба қаржыландырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары