$ 441.66  475.14  4.86

Түлкібаста Тәуелсіздік жылдарында 160-қа жуық нысанның құрылысы жүрген

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Түлкібас ауданының жетістіктері жайлы Түлкібас ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков мәлімдеді.

Жалпы, Түлкібас ауданында 1991-2016 жылдары әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып, ауданда кәсіпкерлік саласы жылдан-жылға өркендеп келеді. Мәселен, мемлекет тарапынан беріліп отырған бағдарламалар арқылы ауданда 1026 жоба қаржыландырылып, белсенді жеке кәсіпкерлер саны  2961 бірлікті  құраған. 

Сонымен бірге, журналистермен болған кездесуде ауданда соңғы 25 жылда халық саны 26 мың 600 адамға өсіп, халықтың өмір сүру ұзақтығы 5 пайызға жоғарылағаны айтылды. Сондай-ақ, Түлкібасқа тартылған инвестиция көлемі 1991 жылы салынған 37 млн. теңге қаржыдан, 19 474 млн. теңгеге (2016 ж) жетіп, немесе 52,6 есеге өскені мәлім болды.

«Түлкібас ауданы табиғаты тамаша туристік аймаққа жататындықтан ауданға инвестиция тарту мәселесінде жобаның Түлкібастың климатын бұзбайтындай қауіпсіз болуын қатаң қадағалаймыз. Яғни, біздің ауданда орналасып, жұмысын бастайтын өнеркәсіп орындары ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, терең өңдеу, мал бордақылау, етті өңдеу сынды зиянсыз кәсіп түрлерімен айналысатын болады», - деді Ә.Тұрғымбеков.

Мұнан бөлек, ауданның  жалпы өңірлік өнімі 2016 жылы 54 млрд. теңге болып, 7,3 есеге өсіп, жан басына шаққанда 487,4 мың. теңгеге жеткен.  Ауданда 1991-2016 жылдар аралығында  барлығы 1619,5 га жерге алма бау мен жүзімдіктер егіліп, 13,5 га жерге жылыжай салынған, 4474 га жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілген.

 Ауданның табиғи ерекшелігіне сай қарқынды дамып келе жатқан туризм және ауылшаруашылығы саласы жайлы тілге тиек еткен аудан басшысы бүгінгі таңдағы аудандағы өзекті мәселелер мен алдағы атқарылатын жұмыстар жайлы да өз ойын ортаға салды.

Алдағы уақытта Түлкібас ауданында  туризм саласы мен алма және сүт кластерін дамыту  қолға алмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары