$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО әкімі Астана және Қазақстан митрополитімен кездесті

Кеше облыс әкімі Ж.Түймебаев облысқа іс-сапармен  келген Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады.

Кездесу барысында діни қызмет, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты одан әрі жақсарту және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай атқарылатын іс-шаралар мәселелері талқыланды.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесу барысында дін саласындағы тұрақтылықты,  ұлтаралық келісімді  қамтамасыз етуде ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың  рөлін  ерекше атап өтіп, бірде-бір мемлекетте теңдесі жоқ ұлтаралық келісімнің бірегей институты - Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуында Елбасының еңбегі зор екенін жеткізді.    

Өз кезегінде, өңір басшысы діни бірлестіктердің, әсіресе, Орыс православ шіркеуінің бейбітшілік пен келісімді сақтауда, бір-біріне түсінікпен қарауда және өзара іс-қимылдардағы рөлін айта келіп, Оңтүстік Қазақстан облысында діни бірлестіктердің бірлесе қызмет жасаудың дәстүрі қалыптасқанын айтты. Ж.Түймебаев, бұл ретте ел Президентінің бастамасымен жүргізіліп жатқан көптеген бейбітсүйгіш үлкен жұмыстардың, әсіресе, Қазақстанда өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерінің оңды нәтижесі екенін жеткізді.   

Сонымен қатар, кездесу барысында Орыс шіркеуінің Оңтүстік өңірі атынан Шымкент және Тараз епархиясының архиепископі Елевферий сөз сөйлеп, тұрақтылықты қамтамасыз ету мен конфессияаралық қарым-қатынастарды орнатудағы бірлескен жұмыстарда табыстар тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары