$ 449.58  486.94  4.86

Кентауда "Менің ағашым менімен бірге өседі" тал егу шарасы өтті

Кентау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-сынып оқушыларының тал егу шарасы өткізілді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Іс-шараға қаланың зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен 1-сынып оқушылары қатысты.

Биылғы оқу жылында қаладағы 23 мектепке 1 сыныпқа 2019 окушы барса, осыған сәйкес, акция аясында, тиісінше, 2019 түп ағаш отырғызылды.

Ондағы мақсат - жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және табиғатты аялауға баулу. Сол себепті, бірінші сыныптың оқушылары мектепті бітіргенше өздері еккен талдарға қарайтын болады.

Осындай тақырыпта Кентау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу іс-шаралар жоспарына сәйкес 1 сынып оқушыларының тал егу шарасы өткізілді.

Іс-шараға қала зиялылары, ұстаздар мен 1 сынып оқушылары қатысты.

Биылғы оқу жылында қаладағы 23 мектепке 1 сыныпқа 2019 окушы барса, осыған сәйкес, акция аясында, тиісінше, 2019 түп ағаш отырғызылды.

Ондағы мақсат - жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және табиғатты аялауға баулу. Сол себепті, бірінші сыныптың оқушылары мектепті бітіргенше өздері еккен талдарға қарайтын болады.

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай биыл өкірде қоғамдық шаралар көптеп атқарылуда. Солардың бірі – елдімекендерді көгалдандыру. Айтулы мерекеге орай Арыс қаласында биыл дендрарий бағы ашылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары