$ 480.55  533.75  5.36

Созақта тағы бір балабақша ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданына қарасты Жуантөбе ауыл округінде 50 орындық «Алуа»  балабақшасы ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл осы жылы пайдалануға берілген 7-ші бөбекжай. Осылайша «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған балабақшаларда 660 бала балабақшамен қамтылып отыр. Нәтижесінде ауданда бағдарламаның орындалуы 84,5 пайызды құрады.

Ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісе келген аудан әкімі М.Исеав балалар тәрбиесі әрқашан басты назарда екеніне тоқталып, бүгінгі ұрпақ - еліміздің ертеңі екенін айтты. Сондай-ақ, ол аталған нысан кәсіпкердің жеке иелігінде болса да, мемлекеттік тапсырыс бойынша  жұмыс істейтінін жеткізді.

Елу бала тәрбиелетін мектепке дейінгі білім беру ұйымында жергілікті 10 адам жұмыспен қамтылып отыр. Соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған балабақшада, екі жатын бөлме, асхана, демалыс бөлмесі, медбике  бөлмесі бар.

Айта кетейік, Созақта жыл соңына дейін «Балапан» бағдарламасы аясында тағы 5 балабақша ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, биылғы оқу жылы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының өзге де аудандарында жаңа балабақшалар бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Осылайша, облыс республика бойынша балаларды балабақшамен қамту көрсеткішінде алдыңғы орындардың бірінде тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары