$ 447.4  477.55  4.76

Татулық пен тұрақтылық – бар табыстың бастауы

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев 18 қазан – Рухани келісім күніне орай өңірдегі дінбасылармен кездесті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған мәжіліс ел егемендігін алған алғашқы жылдардағы тарихи маңызы бар оқиғалардың айтулы күнімен тұспа-тұс келді.

Өңір басшысы мәжіліске қатысушыларды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен және Рухани келісім күнімен құттықтап, әрбір қазақстандықтың сенімі әртүрлі болғанына қарамай бірлігі жарасқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, осы бағыттан айнымай еңбек етуге, елдің бүгінгідей бейбіт келісімге келіп, татулық пен келісімді ту еткен ымырашылдығын бұдан әрі де нығайтуға шақырды.

Жиын соңында айтулы шаралардың құрметіне футболдан облыс әкімінің кубогын сарапқа салған дін қызметкерлеріне «Алғыс хаттар» мен сый-сияпаттар табысталды.

Айта кетейік, жуырда ғана тағайындалған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі бұған дейін өңірдің зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, тұрақтылық пен бейбітшілік мәселесін талқылаған болатын. Сондай-ақ, облыс басшысы этно-мәдени орталықтардың басшыларымен, діни бірлестіктер мен конфессиялардың өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлап отыр. Аталған кездесулердің барысында Оңтүстік Қазақстан облысындағы діни тұрақтылық, жастарды теріс діни ағымдардан сақтау, дәстүрлі емес діни ағымдардың таралуына жол бермей сынды мәселелер талқыланады деп көзделуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары