$ 446.49  475.38  4.79

Астанада аймақтық БАҚ-тың бүгіні мен болашағы талқыланды

Кеше Астанадағы «Қазмедиа» орталығында аймақтық БАҚ форумы өтті. Онда еліміздегі ақпарат саласының бүгіні мен болашағы жайлы айтылып, масс-медиа мәселелері талқыланды.

Шараға Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен республикалық және облыстық басылымдардың басшылары, телеарналардың директорлары, сондай-ақ, Президент Әкімшілігінің өкілдері мен Парламент Мәжілісінің депутаттары және ресейлік танымал тележурналистер қатысты.

– Бүгінгі форум Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес өткізіліп отыр. Сондықтан да, осы шараға еліміздің жетекші БАҚ өкілдері шақырылды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда еліміз бойынша 3 мыңға тарта бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Мұның 80 пайызға жуығын аймақтық БАҚ-тар құрайды. Осы жерде айтарым, қарап отырсақ, қазіргі кезде кез келген сайттар мен порталдар әлеуметтік желілердің жылдамдығына ілесе алмай келеді. Неге? Өйткені, сағаттың тіліндей сырғыған уақыттың талабы – ақпаратты жедел әрі сапалы тарату ғана емес, тұтынушының қызығушылығын дәл тауып, оқырманмен байланыс орната білу.

Сонымен қатар, елдің мүд­десін, халықтың мұң-мұқтажы мен өңірдегі басқа да бағыт бағдарын жұртшылыққа тиім­ді тәсілдермен жеткізу, – деді Д.Абаев.

– Бүгінгі форум Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес өткізіліп отыр. Сондықтан да осы шараға еліміздің жетекші БАҚ өкілдері шақырылды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда еліміз бойынша 3 мыңға тарта бұқаралық ақ­парат құралы жұмыс жасай­ды. Мұның 80 пайызға жуығын аймақтық БАҚ-тар құрайды. Осы жерде айтарым, қарап отыр­­сақ, қазіргі кезде кез кел­­ген сайттар мен порталдар әлеуметтік желілердің жыл­­­дамдығына ілесе алмай ке­­леді. Неге? Өйткені, са­ғат­тың тіліндей сырғыған уа­қыт­­тың талабы – ақпаратты же­­­­дел әрі сапалы тарату ғана емес, тұтынушының қызы­ғу­шы­­лығын дәл тауып, оқыр­ман­­­мен байланыс орната бі­лу. Сонымен қатар, елдің мүд­де­сін, халықтың мұң-мұқтажы мен өңірдегі басқа да бағыт- ба­ғ­­дарын жұртшылыққа тиім­ді тә­сілдермен жеткізу, – деді Д.Абаев.

Оның айтуынша, қазір бұ­­қараның бұқаралық ақпа­рат құралдарына деген көз­қа­ра­сы мүлде бөлек. Олар жур­­налистерден толымды та­қы­рып­­тағы мақала мен шы­на­йы ақ­парат күтеді. Сондықтан да қа­­ламын қару, микрофонын азық еткен журналистер жаңа­лық­­тың жаршысы боларда ел­ге беретін өнімінің сапасына да назар аударуы керек.

– Расын айтайық, еліміздегі өңір­лік БАҚ-тардың рөлі соң­ғы уақытта арта бастады. Тіл­шілер қауымы билік пен ха­лық­тың алтын көпірі деген атты абыройлы арқалап жүр, – де­ді әрі қарай министр.

Осы жерде форумға қа­ты­су­шылар тарапынан Дәурен Абаевқа ұсыныстар айтылды. Мәселен, «Алматы» теле­ар­на­сының бас директоры Әлібек Әлденей Қазақстанның ме­диа-нарығында Ұлттық телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығы секілді көптеген қоғамдық БАҚ ұйым­да­ры бар екенін тілге тиек ете ке­ліп, олардың бағыттары өте тар, бірде-бір өңірлік БАҚ-ты қамтымайтынын айтты. Соны­мен бірге, журналистер қау­ымы­ның көп жағдайда құқығы қорғалмайтынын жет­кізді.

– Осыған орай менде мына­дай ұсыныс бар. Сіз өңірлік БАҚ-тың мүддесін қорғайтын жаңа альянс құру идеясына қалай қарайсыз? – деді Әлібек Әлденей. Бұған Дәурен Абаев: «Иә, мұндай альянс керек деп ойлаймын. Өңірлік жур­налистер альянсын құру ұсы­нысын толықтай қолдауға болады. Бұған қоса, шынымен де мемлекеттік тапсырыс аясында әзірленетін контенттермен ал­масатын уақыт жетті. Біз бұл контенттерді өңірлерге беруге дайынбыз. Бұл, әсіресе, өңір­лік телеарналар үшін барынша маңызды болар еді», – дей келе, облыстық га­зет­тер­дің мәселесіне де тоқ­тал­ды.

– Алдағы 21 қараша күні облыс әкімдерінің орынба­сарларын жинап, жиналыс өткіземін. Онда еліміз бой­ы­н­ша қазақ және орыс тіл­ді 25 облыстық газет­тер­ді же­­кеменшікке беру не­ме­се рес­публикалық «Еге­мен Қа­зақ­стан» мен «Казах­стан­ск­ая правда» газеттерінің құ­­р­а­­­мына қосу мәселесін тал­­қылаймыз. Сондықтан да нақты шешімді айта алмай­мын, – деді министр. Со­ны­мен қатар, ол келесі жыл­дан бастап мемлекеттік тап­сы­рыстың тарифін арттыратынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл БАҚ үшін өте тиімді болмақ.

– Министрлік мемлекеттік тапсырыстың бағасын өсірсе, аймақтық БАҚ-тың қазанына біршама мол қаржы түсіп, әлеу­меттік-экономикалық аху­алы артады. Бұл сіздер үшін ең басты жаңалық деп есептеймін. Қазіргі таңда ми­ни­стрлік тарифке байланысты егжей-тегжейлі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді Дәурен Абаев.

Мұнан бөлек форумда медиа саласының дамуы, теле­арналардың көрермен сұра­нысын қанағаттандыру жайы айтылды. Баяндама жасаған «Астана» арнасының бас дирек­торы Ләззат Танысбай медиа­кеңістіктегі табыс көзі­нің негізгі бөлігі саналатын жарнамаға тоқталды.

– Қазір телеарналардағы жар­намадан түсетін табыс 15 пайызға төмендеді. Есесіне қа­зақ тілді көрермен 82 пайызға жетті. Көзі ашық, кө­кірегі ояу халық арналардан жұлдыздар өмірін емес, қоғамдағы шынайы бейнелерді баяндайтын өнімді көргісі келеді. Мен өз тәжірибеме сүйеніп айтарым, қазір жұртшылыққа жылдам ақпарат пен боямасыз тірлікті көрсететін хабарлар қажет, – деді ол.

Ал ресейлік «НТВ» теле­арна­­сының журналисі Лилия Гильдеева халықаралық БАҚ-тың бүгінгі бет-бейнесін сөз етті. Оның пікірінше, ше­те­л­­­дік бұқаралық ақпарат құ­­­рал­дары қоғамдағы құбы­лыс­­ты тым әсірелеп жет­кі­зу­ге құштар. Олардың басым бө­лігі кәсібиліктен гөрі, көз­бояу­­шылық әрекеттерге жол бе­реді.

– Меніңше, әрбір журна­лист бірінші кезекте кәсібіне де­­ген құштарлығын, адал­ды­ғын көрсете отырып, кө­рер­­­мен мен оқырманға шы­най­ы­лықты көрсететін хабар таратуға ұмтылуы ке­рек. Көп жағдайда БАҚ жас жур­налистерді дайындау­да кем­шін түсіп жатады. Мәселен, «НТВ» телеарнасы журналисті жұ­мысқа қабылдамас бұрын, оның жазуына баса мән беріп, жұ­мысты алып кете алатынына көз жеткізеді. Бұл – қазіргі қоғамның талабы, – деді Л.Гильдеева.

Жалпы, аймақтық БАҚ-тар фо­рум барысында отан­дық бұ­қ­аралық ақпарат құрал­да­­­рының өзіндік орны мен өзек­ті мәселелері кеңінен қоз­­­ғалып, қатысушылар тара­пы­­нан пікірлер айтылды. Яғни, Қазақстандағы ме­диа­на­рықтың дағдарыс-ме­нед­ж­-
менті, бүгінгі қоғам­д­а­ғы бұқа­ра­лық ақпарат құ­рал­да­ры­ның жұрт­шылыққа жылт еткен жа­ңалық таратудағы ж­а­ңаша үлгі­сін енгізудегі ерек­шелігі баяндалды.

Форум барысында Дәурен Абаев ақпараттық саланы ай­рықша назарда ұстау кез келген мемлекеттің көкейкесті мә­се­лесі екендігіне тоқталды. Ми­­нистр­дің айтуынша, отан­дық бұқаралық ақпарат құ­ралдарын дамыту, оның ішін­де­гі ауқымды бағыт аймақтық медиа саласын ілгерілету бү­гін­гі күннің басты талабы болмақ.

– Осы орайда Ақпарат жә­не коммуникациялар ми­ни­с­тр­лігі Елбасының тапсыр­ма­сы бойынша өңірлік масс-ме­­­дианы жаңа деңгейге кө­теру шараларын қолға алады, – деді министр. Сонымен қа­­­тар, ол ұйымдастырылып отыр­­­­ған  бүгінгі күнгі форум атал­­­­­ған мәселелерді өңір­лік жур­­налистермен бірге тал­қы­лап, өзара пікір мен тә­жі­рибе алмасудың тамаша мүм­кін­дік екенін айтты.

Жиын соңында елімізде­­гі өңір­­­­­лік БАҚ өкілдерінің Ел­­­­ба­сы саясатын насихат­­тай оты­рып, бірлік пен тұ­рақ­­т­ы­лық­ты нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқаны тіл­ге тиек етілсе, журналистика саласындағы жетістіктер қа­шанда олардың адал еңбегінің арқасы екені атап көрсетілді.

Талғат РАЙЫМБЕК

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары