$ 448.89  477.93  4.76

Сот жүйесін нығайту жолы

Сонау 1996 жылы желтоқсан айында еліміз судьяларының 1-ші съезі өтіп, онда Судьялар одағы құрылғаны, судьялардың әлеуметтік кепілдіктері бойынша бірқатар шаралардың қабылданғаны есімде. Ол кезде жергілікті соттардың материалдық-техникалық және кадрлармен қамтамасыз етілуінің мәселелері Әділет министрлігінің қарамағында болатын. Мен ол кезде осы съезге Талдықорған облыстық әділет басқармасының бастығы ретінде қатыстым. Жалпы, судьялардың әрбір съезінде де ауқымды мәселелер қаралып, Мемлекет басшысы сот билігінің тәуелсіздігін күшейту бағытында алға үлкен міндеттер қойып келеді. Мәселен, өткен съездер нәтижесінде судьяларды тағайындауда кадрларды іріктеудің айқындығы, судьяларды мамандандыру және сот өндірісін оңайлату мәселелері шешілді. 2009 жылы қараша айында өткен бесінші съезде судьялардың Этика кодексі қабылданды.

Қазіргі кезде соттар – қоғамдағы қа­тынастарды тұрақтандыруға ба­ғыт­талған зор өкілеттіліктері бар би­лік­тің шын мәніндегі дербес тәуелсіз тар­мағы. Қоғамның сот жүйесіне се­­ні­мі жылдан-жылға артып, сонымен қатар судьялар мен соттардың жұ­­мысына талап та күшейе түсті. Елі­­міздің Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында судьялардың жұ­мы­­с­ына, сонымен қатар, судьяларды ірік­теу прин­цип­те­рі­не, олардың іс-әрекетіне қатаң та­лаптар қоюы бе­кер емес.

Сондықтан алдағы съезде елі­міз­дің судьяларының талқылайтын бас­ты мәселесі – судьялардың кә­сі­би және моральдық келбетіне қоғам­ның қойып отырған талабы, сонымен қатар, судьялардың жаңа Әдеп ко­дексін қабылдау. Бұл бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі за­ман­ғы мемлекет» Ұлт жоспарының 19-қадамын іс жүзінде орындау болып табылады.

Судьялардың Әдеп кодексінің жо­ба­сында ел Президентінің, қоғам­ның судьяларға қойып отырған бар­лық талаптары ескерілген. Кодекс судьялардың мінез-құлық, жү­­­ріс-тұрыс ұстанымдарының Бан­го­лор принциптеріне және озық х­а­лықаралық тәжірибелерге не­гіз­дел­ген. Өйткені, судья азаматтық қо­­ғам­ның және мемлекеттің мүд­делерін қорғаудың жарасымды үйлесімін қамтамасыз етіп, тәуелсіз сот төрелігін қолдаудың негізі болып табылатын бұқара халықтың сот­қа сенімін нығайту мақсатында мінез-құлық пен әдептің жоғары стан­дарттарын қалыптастыруға және дамытуға міндетті.

Әдеп кодексін қабылдаумен қа­тар, тұтастай сот жүйесіне және жеке судьяларға қатысты басқа да мәселелерді талқылаған дұрыс деп ой­лаймын. Мәселен, азаматтардың құ­қықтары мен бостандықтарын қор­ғай отырып судья процеске қа­тысушылар тарапынан, не болмаса бұқаралық ақпарат құралдары та­ра­пынан болмасын, қандай да бір ықтимал қысымнан қорғалу құқын сезінуге тиіс. Жасыратыны жоқ, сот процесіне қатысушылар, әсі­ре­се, жеңіліп қалған жақ, жоғары тұр­ған сот сатыларына жолдаған ша­ғымдары мен жүгіністерінде өзінің пай­дасына шешілмеген сот актісін шы­ғарушы судьяның атына кір кел­тіруге дейін барады. Сонымен қатар, процеске қатысушылар БАҚ га­зеттер, телеарналар мен Интернет пор­тал­дары арқылы судьяларға ғана емес, әлі заңды күшіне еніп үл­гер­меген сот актілеріне қатысты да сын­дар айтып жатады. «Бұқаралық ақ­парат құралдары туралы» заңның 25-бабында шындыққа сәйкес кел­мейтiн мәлiметтердi тарату, азамат­тардың немесе ұйымдардың ар-ож­­даны мен абыройына нұқсан кел­­­тіру, бұқаралық ақпарат құрал­да­­ры арқылы сотқа ықпал жасау заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғатындығы және бұқаралық ақпа­рат құралының иесi, таратушысы, бас ре­дакторы, таратылған хабарлар мен материалдардың авторлары жауапты болатындығы көзделген.

Алайда, әкімшілік құқық бұзу­шы­лық туралы кодекстің 26 немесе 33-тарауында сот жүйесінің және жеке­леген судьялардың сот төрелігін атқа­ру­дағы беделіне негізсіз нұқсан кел­тірілгені, бұқаралық ақпарат құ­рал­дарында шындыққа сәйкес кел­мейтін және тексерілмеген мә­ліметтерді жариялағаны үшін жау­ап­кершілік қарастырылмаған.

Нәтижесінде, судья қор­ған­­сыз қа­лады. Ол өзінің аты­на нақақ айып тақ­қан­дар­­ға жауап бере алмайды жә­­не өзін қорғай да алмайды. Ай­на­лып келгенде, ол соттағы өзінің әріп­те­­сі­не шағымданып ба­­рамайды ғой. Бұл мә­селе заң тұр­ғы­сында ше­­­ші­лу­ге тиіс деп есеп­­­тейміз. Су­­­дья­­ны ма­зақ ет­кені, ар-ож­да­ны мен абы­рой­ына нұқсан кел­тіретін мә­лі­мет­терді жария­ла­ға­ны үшін дербес жау­­ап­­кершілік қа­ра­стырылуы қа­жет.

Судьяны БАҚ тарапынан шаб­уылдардан қор­ғайтын өкілеттілік берілуі қажет. Ол үшін «Бұқаралық ақ­па­рат құралдары туралы» заң­да және бас­қа заңдарда осындай әрекеттері үшін БАҚ-тың жауап­кер­шілігін қарастыратын дербес бап болуы тиіс. Барлық соттар Судьялар одағы қо­ғамдық бірлестігінің мүшесі бол­­ғандықтан, олар шағымданған жағ­­дайда Одақ қолда бар барлық әдіс­­тер­мен, оның ішінде сотқа жү­гіну ар­қылы да судьялардың құқық­та­ры мен тәуелсіздігін қорғауы тиіс деп ой­лаймын.

Процеске қатысушыларға қа­тыс­­ты айтатын тағы бір ма­ңыз­­ды мәселе бар. Меніңше, аза­­мат­тық істер бойынша процес­ке­ қатысушылардың, соның ішінде аза­­­мат­тық-құқықтық дауларда сот­та­ шындыққа сай келмейтін дә­лел­де­­мелерді және әдейі жалған мә­лім­­­­еттерді бергендердің әкімшілік жә­­­не қылмыстық жауапкершілігін за­ң­­­­дылық тұрғысында бекіту қа­жет. Мұндай ұсыныстың туындап оты­р­­­ған себебі, кейде азаматтық про­­цесте тараптар қате позиция ұс­та­нып, сотқа жалған, бұрмаланған мә­­ліметтер мен айғақтар береді. Мұн­дай жағдайлар шы­ғарылатын сот актілерінің заң­ды­лығы мен әділ­ді­гі­не кері ықпал етуі мүмкін.

Сонымен қатар, Әкімшілік құ­­­қық бұзушылық туралы ко­декстің 653-бабында сотты құр­мет­­темеушілік, процеске қа­ты­су­­шы­лардың және өзге де адам­дар­­дың сотқа дәлелсіз келмегені үшін әкімшілік жауапкершіліктер қа­­ра­лған. Кейде қатысушылар про­цеске дәлелсіз келмей, сотқа құр­меттемеушілік көрсетеді. Бірақ жо­ғарыда аталған бап бойынша «олардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағ­дайларда…» делініп міндеттеу шар­ты көзделмегендіктен, оларды жауапкершілікке тарту мүмкін емес. Сөйтіп, азаматтық істер бойын­ша тараптар мен басқа да процеске қатысушылар сотқа қатыспауға құ­қылы. Егер сот олардың келуін мін­дет­ті деп таппаса, осының салдарынан олар сот мәжілісін және тұтастай ал­ғанда биліктің сот тармағын елеусіз қал­дырған болып шығады.

Мұндай жағдай әкімшілік құқық бұ­­зушылық жөніндегі көптеген іс­терде кездеседі. Сонымен қатар, ат­қарушы билік органдарының өкілдері де сот процестерінен жалтарып жүреді. Біздіңше, процеске қатысушылардың соттың шақыруы бойынша келуі міндетті норма болып табылып, оны бұзушыларға қатал және қатаң жауапкершілік қарастырылуы тиіс. Осыған байла­нысты ӘҚБтК 653-бабының 1-тар­ма­ғындағы  «олар­­дың қа­ты­су­ы­н­­­-
с­ыз соттың iстi одан әрi қа­ра­уы мүм­кiн бол­майтын жағ­дай­лар­да» де­ген сөздерді алып тастау­ды ұсы­на­мын. Сонымен қа­тар, судья­лар­дың сот тө­ре­лігін ат­қа­ру­ бойын­ша жұ­мыс уа­қыт­­та­рын тиім­ді пай­да­­ла­нып, тех­­ни­­калық жә­не қосалқы мә­­­се­­ле­лерді шешу­ге алаң­­дамауы жә­не уа­қытын шы­ғын­да­мауы үшін су­­дья­лар­­дың кө­мек­­шісі ла­­у­азымын ен­­гізу қа­жет деп сана­й­мын.

Бақытбек БЕГАЛИЕВ,
Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары