$ 536.32  626.9  6.6

Жамбыл облысында отырыс кезінде ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды

Полицияға көршісі хабар берген. Ол үйден айқай-шу естігенін айтқан.

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында 38 жастағы ер адам өз үйінде пышақ жарақатынан қайтыс болды. Қайғылы жағдай 16 қазанда болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Полицияға көршісі хабар берген. Ол үйден айқай-шу естігенін айтқан.

Медициналық қызметкерлер оқиға орнына жеткенде ер адам тірі болған, алайда алған жарақаттарынан кейін ауруханада көз жұмған.

«Ер адам 16 қазан күні сағат 14:25-те ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Денесінде сол жақ жамбас тұсында көптеген пышақ жарақаты болған. Дәрігерлердің барлық реанимациялық шарасына қарамастан, сағат 15:07-де өлім тіркелді», – делінген Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Полицияның мәліметінше, қақтығыс спирттік ішімдік ішу кезінде таныстар арасында туындаған. Қазір оқиғаға қатысы бар күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, абайсызда өлімге әкелу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – деді облыстық полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары