$ 449.58  486.94  4.86

2016 жылдың соңына дейін Бейнеу-Ақтау автожол учаскесінің қозғалысы ашылады

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында қашықтығы 470 шақырым болатын «Бейнеу-Ақтау» автомобиль жолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның 100 шақырымы республикалық бюджет есебінен жасалып жатса, қалған 370 шақырым жолдың құрылысы Азия Даму Банкі мен республикалық бюджет арқылы қаржыландырылады.

Жобаны жүзеге асыруда Азия даму банкінің займ қаржысы есебінен 2 учаскеде жұмыс жүргізілді. Бірінші учаске «Шетпе – Разъезд №10» бойынша 200 шақырым және «Сай Өтес – Манашы ө.» учаскесі бойынша 2014 жылдың соңында қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған болатын.

«Ақтау – Шетпе» екінші учаскесі бойынша қашықтығы 170 шақырым болатын жолды қайта жаңғырту жұмыстарын «ДженгизИншат» (Туркия) мердігер ұйымы 2015 жылы бастаған еді. Бұл жұмысты Австралияның «СМЕК Интернэшнл» компаниясы «Сапа СЗ» ЖШС қауымдастығымен бірге бақылауда. Автожол құрылысын 2017 жылы толық аяқтау жоспарланған. Бүгінгі таңда 145 шақырым жолдың асфальтті бетон жабынының төменгі қабаты төселді. Сонымен қатар, 2 көпір мен 3 жол өтпесінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Биыл «Ақтау-Бейнеу» учаскесінің барлық бөлігінде қозғалыс ашылады деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарына 2400 адам тартылған, оның 59-ы шетелдік маман. Құрылыс материалдарының 85% Қазақстанда шығарылған. Атап айтқанда, битумды - «Каспи Битум» ЖШС-і (Маңғыстау облысы), цементті – «Каспи Цемент» ЖШС-і (Маңғыстау облысы) өндіреді. Ал темір-бетон бұйымдары Ақтөбе мен Алматыда жасалған.

Республикалық маңызы бар А-33 «Атырау–Актау» автокөлік жолы  Маңғыстау облысының теңіз портын еліміздің басқа аймақтарымен байланыстыратын жалғыз автокөлік бағыты болып табылады. Сонымен бірге, ОААЭЫ (Орталықазиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық) дәлізінің негізгі учаскесі ретінде үлкен транзиттік әлеуетке ие.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары