$ 439.43  473.31  4.82

Бүгін онкологиялық препараттар трансфері туралы келісімге қол қойылды

Бүгін өткен Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XIII өңіраралық форум аясында ресейлік BIOCAD биотехнологиялық компания мен Қарағанды фармацевтикалық кешені биосимилярлар ритуксимабы, бевацизумаба және трастузумабаөндірісін толық циклда технологиялық трансферін жүзеге асыру келісіміне қол қойылды. Аталмыш ынтымақтастық Қазақстан халқы үшін өмірлік маңызды дәрілік заттардың қол жетімділігін арттырады және ел үкіметінің денсаулық сақтау саласына шығаратын шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Келісім сомасы 100 млн. доллардан асады деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Келісімге қол қоярдан бұрын тараптар бірқатар іс-шаралар өткізді. Яғни, фармацевтикалық кешен заманауи құрылғылармен жабдықталды және өндірістік үдерістер стандартталып, персоналдар оқытылды. 

«Тікелей технологиялық трансфердің арқасында Қарағанды фармацевтикалық кешені республика үшін маңызды салық төлеуші, жалпы жергілікті эклономиканың дамуын ынталандыратын және қосымша жұмыс орындарын ашатын маңызды мекеме болып отыр»,-деді Қарағанды фармацевтикалық кешенінің бас директоры Сергей Барон.

Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасының дерегіне сәйкес 2012-2016 жылдары Қазақстан онкологиялық дерттен қайтыс болғандар саны бойынша екінші орында тұр. Жыл сайын қатерлі ісіктен 17 000 адам көз жұмады. Олардың 42% еңбекке жарамды жастағылар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары