$ 447.4  477.55  4.76

ОҚО-да кәсіпкерлері арасынан ең үздіктері іріктеліп жатыр

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Ырыс» микроқаржы ұйымы өзі арқылы қолдау тапқан кәсіпкерлер ішінен ең үздік 25 жобаны анықтап, ел егемендігінің 25 жылдығы қарсаңында марапаттайтын болады. Бүгінде сала мамандары іріктеу жұмыстарын аяқтауға жақын. Тіпті, аудандардың үздіктері анықталып, бүінде тиісті марапаттарына қол жеткізіп отыр. Қаржылай қолдау Тәуелсіздік мерейтойына арналған.

«Үздік жоба» аталымы - «Ырыс» қаржы ұйымынан алған несиені мақсатты пайдаланған, ай сайынғы төлемін уақытылы қайтарып отырған және облысымыздың кәсіпкерлік саласын дамытуға үлес қосып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізіп отырған 25 кәсіпкерге табысталады.

Үздік атануға үміткер кәсіпкерлер қатарында асыл тұқымды мал шаруашылығын жандандырған шаруалар, жылыжай шаруашылығын қолға алған жергілікті тұрғындар, түрлі кәсіпорын алқан кәсіпкерлер бар.

16 желтоқсанға дейін жалғасатын шараның нәтижесі туралы барлық ақпаратты жергілікті БАҚ пен «Ырыс» МҚҰ-ның әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы білуге болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Ырыс» МҚҰ арқылы 3 266,9 млн. теңгеге 1499 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде, көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына құны 1 387,9 млн. теңгені құрайтын 834 жоба жүзеге асырылса, мал бордақылау алаңдарын салу үшін 1 427,1 млн. теңгеге 541 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, шағын тауарлы сүт фермаларын ашу мақсатында құны 79,1 млн. теңгеге 33 жоба іске қосылып, басқа да қызмет түрлеріне кіретін жобаларға құны 372,7 млн. теңгені құрайтын 91 жоба қаржыландырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары