$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО әкімі тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралардың жоғары деңгейде өткізілуін тапсырды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласында жұмыс сапарымен болып, бірқатар туристік, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты. Әкім Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралардың жоғары деңгейде өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы болып табылатын Түркістан қаласын аралау кезінде аймақ басшысымен бірге Түркияның астанасы – Анкара қаласы мэрінің орынбасары Рамазан Кабасакал мен измирлік кәсіпкер Омур Онур мырзалар да қатысып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.

Ең алдымен, облыс әкімі бастаған делегаттар Орта Азияда теңдесі жоқ тарихи жәдігер саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болды. Сонымен қатар, олар «Көне Түркістан» тарихи-мәдени туризмін дамыту концепциясымен танысты.

Түркістанды туристік қалаға, туризм орталығына айналдыру күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі екенін айтқан өңір басшысы тұжырымдаманы әлі де жетілдіріп, халықаралық стандартқа сай ету арқылы толықтырып, қайта жасауды тапсырды. Бұл ретте, әкім жылына 1 миллионнан астам турист келетін аймаққа алдағы жылдары 1 миллионға жуық түркиялық туристердің келуге дайын екенін xабарлап, соған сай сервистік қызметтердің сапасы да жоғары талапқа сай болу қажеттігіне тоқталды.

Еліміздің экономикасын дамытуға инвестиция тарту ең басты мақсат және бұл туралы Мемлекет Басшысының тікелей тапсырмасы бар екенін айтқан аймақ басшысы былтырғы жылдың 10 айымен салыстырғанда, биыл аудан экономикасына салынған инвестиция көлемі 27,7 пайызға немесе 3,9 млрд. теңгеге кеміген. Сондай-ақ, жыл сайын Түркістан қаласына келетін 1 млн. астам туристер мен зияратшыларға көрсетілетін сервистік қызметтер деңгейі төмен.

Осыған орай, облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасымен бірлесіп қаланың туристік потенциалын арттыру бойынша нақты қадамдық іс шара жоспарын бекітуді тапсырды.

Сондай-ақ, әкім ветеринаринарлық шараларға және бос жатқан жерлерді тиімді пайдалану мәселесіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей отырғанын атап өтті. Мәселен, мал өлекселерін тастайтын орындар саны 18, немесе 40%-ға ғана қамтылған. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 5 мың гектар және кәсіпкерлік мақсаттағы 1,6 мың гектар жер пайдаланылмай отыр.

Жиынды қорытындылаған Жансейіт Қансейітұлы жоғарыда аталған кемшіліктерді жою мақсатында бірқатар тапсырмаларды жүктеді. Атап айтар болсақ, салық салу базасын ұлғайту, бюджеттік емес инвестицияларды тарту бағытындағы жұмыстарды арттыруды, сонымен бірге, қалаға келуші туристер мен қонақтарға көрсетілетін сервисттік қызметтер сапасын арттыру үшін арнайы іс-шара жоспарын әзірлеп, бекіту нұсқалды. Мұнан бөлек, ауыл шаруашылық және пайдаланылмай жатқан жерлерді қайта айналымға қосу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді міндеттеді. Сонымен бірге, қоғамдық көлік қызметіне, автовокзалдар мен автобус тұрақтарының жағдайына сараптама жасауды, жаңа жұмыс орындарын ашу және жұмыссыздар санын азайтуды, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралардың жоғары деңгейде өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сапар соңында жұмысшы топ Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік унивеситетінде аялдады. Ондағы оқытушы құраммен болған кездесуде аймақ басшысы ғалым, профессорлардың өңірімізді дамытудағы ұсыныс, тілектерін тыңдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары