$ 445.66  474.58  4.78

ОҚО: Тәуелсіздік мерейтойына орай 23 мыңнан астам мәдени іс-шара өткен

Оңтүстік Қазақстан облсында жыл басынан бері өңірдегі мәдениет және өнер мекемелерінде 23021 әртүрлі мәдени іс-шара өткізілген. Ал, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған бірқатар жаңа іс-шаралар қолға алынған. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен әкімдіктің кезекті мәжілісінде хабарланды.

ОҚО мәдениет басқармасының 2017-2020 жылдарға арналған даму жоспары бойынша басқарма басшысы Нұрболат Ахметжанов мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, жыл басынан бері өңірдегі мәдениет және өнер мекемелерінде 23021 әртүрлі мәдени іс-шара өткізілген. Ал, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған бірқатар жаңа іс-шаралар қолға алынған.

Сондай-ақ, ол Сарыағаш ауданында 5 ауылдық мәдениет үйі мен Шардара аудандық музейінің жаңа ғимараты пайдалануға берілгенін жеткізді.

- Мәдениет басқармасы өкінішке орай, аудан, қалалардағы мәселелерге тіптен көңіл бөлмейді. Қазір, көптеген ауылдарда мәдениет ошақтары мүлдем жоқ, ал барлары қаңырап бос тұр. Қарапайым халық үшін мәдени іс-шаралар ұйымдастырылмайды. Тұрғындардың коммерциялық концерттерден басқа баратын мәдени іс-шаралары жоқтың қасы, - деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, Мәдениет басқармасы ұрпақтар сабақтастығы бойынша тәрбиелік мәні бар, дәстүрлі мәдениет пен әдет-ғұрыпты болашақ ұрпаққа жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілмей отырғандығын айтқан әкім қазіргі жастарға төл мәдениетімізді, дәстүрімізді жеткізу – тарихи жауапкершілік екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары