$ 444.22  476.38  4.82

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Күз аруы-2016» байқауы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ОҚО, Созақ ауданы, Қыземшек кентінің мәдениет үйінде мекеме, мектеп жастары арасында «Күз аруы-2016» байқауы өтті. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сайыскерлердің бірнеше белестерден өту үшін, олар өздерінің өнерлерін ортаға салды. Бірінші «Мен – қазақ қызымын» сайысында қыздар өздерін әділқазылар алқасына және көрермендерге таныстырды. «Сән үлгісі» сайысында қыздар целлофаннан, қағаздардан, тордан тігілген көйлектерді көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер етті. Келесі «Өнерлі өрге жүзер» сайысында қатысушылар үнді биін, «Көңілді күн» сияқты билерді орындап, өз өнерлерін ортаға салды. «Сиқырлы саусақ» сайысында әділқазылар алқасы қатысушылардың қолдан жасалған бұйымдарды бағалады. Кішкентай шеберлер мынадай жұмыстарды ұсынды: табиғи материалдарды пайдаланып әр түрлі бұйымдар жасады, тәтті тоқаштар пісіріп дайындады, сурет салып, бисерден әр алуан бұйымдарды қолдан жасап әкеліп көрермендер мен әділқазы алқаларын таң қалдырды.

Байқауға қатысушы 7 ару ережеге сәйкес өз өнерлерін көрсетіп, әділқазылардың шешімімен жүлделі орындарды жеңіп алды.

1 орын Абдуәлі Маржан (Л.Бөкенов атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы)

2 орын Тілеулі Айгерім (Сымбат балабақшасының қызметкері)

3 орын Мұрат Мадина (Л.Бөкенов атындағы ЖОМ 10 сынып оқушысы)

Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары