$ 446.49  475.38  4.79

ОҚО-да «Ел қорғаны, елбасы» атты іс-шара өтті

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бүгін ОҚО, Созақ ауданы, Ақдала ауылында «Ел қорғаны, Елбасы» тақырыбында іс-шара өтті. Шараны «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырып отыр. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Ақдала ауылдық округінің инспекторы Ф.Қарабалаева, №4 кітапханасының меңгерушісі Қ.Досжанова, С.Ерубаев жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ш.Қолдасова және мектеп оқушылары қатысты.

– «Ел қорғаны, Елбасы» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты – оқушыларды отаншылдыққа, ұлтшылдыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу, – дейді №4 кітапханасының меңгерушісі Қ.Досжанова.

Тұңғыш Президент күніне орай өткен шара барысында «Қазақстан ғажайып асыл өлкем» атты оқушылар арасында патриоттық әндер сайысы өткізілді. Сыныптар арасында «Менің Тұңғыш Президентім» атты сынып сағаттары, бастауыш сыныптар арасында өткізілген «Менің Президентім» әңгімелесуі балалар үшін қызықты да тартымды болды. Сонымен қатар, оқушылар арасында өткен «Егер мен президент болсам...» шығармалар байқауы, жоғары сынып оқушылары арасында «Мен қазақпын» тақырыбында мәнерлеп оқу сайыстары оқушылардың Президентке деген сүйіспеншілігін арттыра түсті. Президенттің Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жаңа бастамалары мен стратегиялары оқушыларға кең түсіндірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары