$ 443.35  475.54  4.82

Шымкенттік полицейлер Тәуелсіздік мерекесіне арналған флэшмобқа қатысты

Шымкентте ішкі істер органдарының қызметкерлері ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналға мерекелік флэшмобқа қатысты. Айтулы шараны облыстық Білім беру басқармасы мен ОҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы бірлесе ұйымдастырып отыр. Полицейлермен бірге флэшмобқа мектеп және колледж оқушылары қатысты.

«Тәуелсіздік тірегім» деген атаумен өткен іс-шараның басты мақсаты - егемендік жылдарында Қазақстанның жеткен жетістіктерін ұлықтау, жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу, жастардың шығармашылығын шыңдау және оқушыларға есірткі мен нашақорлықтың үлкен залалын түсіндіру болып табылады.

Шымкенттегі Әл-Фараби алаңында өткен мерекелік шараға мектеп интернаттар мен колледждердің шәкірттері, полиция қызметкерлері - барлығы 500-ден астам адам қатысты. Олар алаңда шерулетіп, Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Салтанатты шара мұнан кейін облыстық театрдың ғимаратында жалғасып, жас дарындар шығармашылық байқауда өз өнерлерімен сынға түсті.

Байқау қорытындысына сәйкес, ұйымдастырушылар жеңімпаздарды марапаттаса, полицейлер оқушылар мен студенттерге «Наркопост» және «Болашақ есірткісіз» деген журналдарды таратты. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттайтын буклеттер мен кітапшалар беріліп, нашақорлықтың алдын алу шаралары қоса жүргізілді.

Айтулы шараның мақсаты тек тәуелсіздікті ұлықтау емес, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа нашақорлықтың зауалын түсіндіру, алдын алу, жастар арасында есіртікнің зияны жайында түсінік қалыптастыру.

ОҚО ІІД Есрткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары Н.Әбіловтің айтуынша, осындай іс-шаралар жастардың бойында патриоттық сезімдерін оятып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары