$ 448.15  483.46  4.86

Татарлар Шымкентке шырша көшеттерін тарту етті

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, Оңтүстік Қазақстан облысына Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласынан айрықша сый жетті. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Шымкент қаласын жасыл қалаға айналдыру идеясы туралы арнайы сюжетті республикалық «Хабар» телеарнасынан көрген аймақ басшысының Қазан шаһарындағы достары игі іске үлес қосып, тамшыдай көмек ретінде көгілдір шырша ағашы көшетінің 120 данасын сыйға тартты. 
 
Биіктігі 4-5 метр болатын жас шырша көшеттері, негізінен, әкімшілік-іскерлік орталығының маңына, атап айтқанда, әкімдік пен «Түркістан» салтанат сарайы, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық драма театрының айналасына егілді.  
 
Қылқанжапырақты өсімдіктердің ең әдемісі болып табылатын көгілдір шырша ағашының отаны Солтүстік Америка болып саналады. Десе де, аталған жасыл желек түрі әлемнің басқа да елдерінде өсе алады.

Айта кетейік, 21 қарашадан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында еліміздің басқа өңірлеріндегідей Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алды.

15 желтоқсанға дейін жалғасатын осынау акция «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Мемлекеттік рәміздер», «Мемлекеттік шекара», «Мемлекеттік тіл», «Жаһандық бастамалар», «Азаматтық қоғам», «Бірегейлік және бірлік», «Ұлттық валюта», «Ядролық қарусыз әлем», «Ғылым мен жаңа технологиялар», «Қазақстан Республикасының Президенті институты», «Отбасылық құндылықтар», «Ұлт саулығы», «Спорт жетістіктері», «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Мәдениет және руханият», «Нұрлы жол», «Нұрлы Болашақ», «Білім», «Әлеуметтік жаңғырту», «ЭКСПО «жасыл» технологиялары», «Индустрияландыру», «Қуатты Қазақстан – қуатты өңірлер», «Астана», «Мәңгілік Елдің» мәңгілік құндылықтары»  сынды түрлі атаулармен Тәуелсіздік  жетістіктерін баяндайтын 80-ге жуық тағылымы мол жиын, мерекелерімен жалғасын табады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары