$ 448.89  477.93  4.76

Мақтарал жастарымен мақтанады

Оңтүстік Қазақстан облысында «ЖЖЖ (Жетісай – жер жәннәті) белсенді жастары» деген клуб бар. Мақтаралдың ерікті жастарынан құралған клуб ашылғанына ай болмастан нәтижелі жұмыстар атқаруда. Мақтарал ауданының жастарын патриотизмге тәрбиелеу, қайырымдылыққа, игі істерге шақыру, қоршаған ортамызды таза ұстауға баулу және осындай игі істер арқылы Мақтарал ауданын бүкіл Республикаға танылдыру клубтың басты мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, жастарымыздың интелектуалын дамытып, мәдениетін арттыру үшін де жұмыстар атқарылуда.

500-ге жуық мүшесі бар клубтың ерекшелігі Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Арқалық, Павлодар қалаларында филиалдары жұмыс жасайды. Клубтың орталығы – Жетісай қаласы. Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда, Семей сияқты т.б. мақтаралдық студенттер көп баратын қалалардан да филиалдар ашу жоспарда бар. Мақтаралдық жастар осылайша бірлесіп игі істерді атқаруда.

Кеше «ЖЖЖ белсенді жастары» клубының Алматы филиалы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Алматы қаласындағы «Ардагерлер үйіне» барып, ақсақалдармен сұхбаттасып, олардың көңілін аулап, қуаныш сыйлап, бір малды құрбандыққа шалып қайтты. «Қарты бар үйдің - қазынасы бар» дейді ғой, бір ақсақал өсиетін айтса, енді бірі өз өмір өрнегін әңгімелеп, енді бір абыз атамыз өз батасын берді. Үйленбегенімізді ескеріп «сұрбойдақтар» деп әзілдеп, «Жақсы, инабатты, ибалы, сұлу, жалпы айтқанда мінезіне көркі сай жарды Алла нәсіп етсін» деген тілектерін білдірді. Осындай керемет күн болғанына біз де ерекше қуанып қалдық. Осындай қасиетті күнде игі істер жасауда өзінің қол ұшын берген ұйым мүшелеріне алғыс айтамыз. Тағы да құрбан айт құтты болсын, мұсылман бауырлар. Жақсылық жасап жарысайық!!!» - дейді «ЖЖЖ белсенді жастары» клубының Алматы филиалының төрағасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенті Еламан Қадырқұл.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары