$ 444.22  476.38  4.82

Теріскейде «Шұғыла» бөбекжайы ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында тағы бір жаңа балабақша ашылды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аудан орталығы Шолаққорған ауылында жеке кәсіпкер Б. Досаев 75 орындық «Шұғыла» балабақшасын ашты. Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М. Исаев: «Созақ аудан білім беру саласына көп көңіл бөліп келеді. Заман талабына сай соғылған бұл ғимарат ел игілігіне қызмет ететін болады. Тәуелсіздік мерекесіне тарту болған балабақшаның ашылуы құтты болсын» деп, барша жиналған қауымды құттықтады.

350 шаршы метр аумақты алып жатқан балабақша ғимараты заман талабына лайықталып, бүлдіршіндердің жас ерекшелігіне сай жабдықталған. Ойын бөлмесі, жатын бөлме, медициналық кабинетпен қамтылған. Жеке кәсіпкер Б. Досаев: «Заман талабына сай оқу және тәрибе жұмыстарына жаңаша көңіл бөлініп отыр. Мектепе дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие беру мақсатында бөбекжай аштық. 75 орындық балабақшада 22 адамды жұмыспен қамтып отырмыз»- дейді.

Айта кету керек Созақ ауданында мемелекеттік «Балапан» бағдарламасының орындалуы 86,3 пайызды құрап отыр.

21 қарашадан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында еліміздің басқа өңірлеріндегідей Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары