$ 444.32  473.33  4.76

Түркістанда Тәуелсіздікпен бірге қоныстой тойлануда

Түркістанда қаланың бас жоспарына сәйкес құрылыс қарқын алып келеді. Кентке кіре беріс оң жақ беттен көпқабатты екі үйдің құрылысы толығымен бітіп, пайдалануға беруге дайын. Мұнан өзге Қазақстан Ипотекалық компаниясы салған тағы екі үй пәтер кезегінде тұрған азаматтарға берілмек.

Сондай-ақ, Бекзат шағын ауданында жаңадан бой тіктеген спорт кешені қаланың ажарын аша түскен. Тәуелсіздік тойы қарсаңында қаланың Отырар мөлтекауданынан 5 қабатты 2 бірдей тұрғынүй пайдалануға берілмек. 60 пәтерден тұратын баспана ең алдымен, әлеуметтік аз қамтылған және үй кезегінде тұрған азаматтарға үлестіріледі. Тек алдымен инфрақұрылым мәселесі шешілсе болғаны. Тұрғынүйлердегі жалпы пәтер саны - 120. Демек, түркістандақ осыншама отбасы қоныстой тойлайды. 1,2,3 бөлмелі пәтерлерден тұратын баспаналардың сапасында мін жоқ. Құрылыс материалдары ретінде отандық өнімдер пайдаланылуда. Сондай-ақ, қаланың «Бекзат» мөлтекауданындағы спорт зал құрылысына жергілікті бюджеттен 140 миллионға жуық қаржы қаралған. Жалпы Түркістанда құрылыс деңгейі жоғары дәрежеде жүргізілуде. Биыл жыл соңына дейін тағы да көпқабатты үйдің 8-і тұрғызылмақ. Сөйтіп, келер жылдары 500-дей түркістандық жаңа үйге қоныстанады. Қазірдің өзінде Қазақстан Ипотекалық компаниясы 72 пәтерлік 9 қабатты 2 үйдің құрылысын жүргізіп жатыр. 144 пәтер үй кезегіндегі азаматтарға несиелік негізде берілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары