$ 444.14  477.05  4.85

Игі істер – Тәуелсіздік мерекесіне арналды

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының тұрғындары қос қуаныштың куәсі болды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандағы Темір және Арыс елді-мекендерінде жаңа көшелер салынып, игі істер еселене түсті.

Қос елдімекенде орталық көшелердің тозығы жеткен болатын. Ауыл-аймақтағы ағайын жылдар бойы жол азабын тартып келді. Енді міне, азаттық тойы қарсаңында аяқжолдар салынып,көше бойлары асфальттанды. Бұған дейін шаң-тозаңнан зардап шеккен халықтың алғысы шексіз.

Айта кетейік, бір ғана Темір ауылында бұған дейін балабақша пайдалануға беріліп, мектеп күрделі жөндеуден өткен болатын. Мереке мерейін асырған тағы бір айтулы шара жастарға арналған жаңа аллея ел игілігіне берілді. Ол өз кезегінде жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай ауылдың әрін кіргізген орын болды.

Жергілікті тұрғындар игі істерді Тәуелсіздік жемісі деп біледі. Жергілікті билік те азаттық тойы қарсаңында халықты тек қуанышқа бөлеп, елдің еңбегімен келген бақытты шақты көрсетеміз, - деп отыр. Отырарлықтар Ұлы дала ұрпақтары Мәңгілік елдің шарапатын сезінуге әбден лайық деп біледі. Ол үшін халықтың ерік-жігері жеткілікті. Жергілікті биліктен де қолдау жоқ емес.

Айта кетейік, 21 қарашадан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында еліміздің басқа өңірлеріндегідей Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары