$ 444.22  476.38  4.82

Тәуелсіздікті дәріптеу кеші өтті

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әннің естісі айтылған концерт болып өтті. «Дүние түркілерінің руханият қоғамдық қоры» мұрындық болған шарада патриоттық рухтағы туындыларға басымдық берілді.

Азаттық ардақталған кеште патриоттық рухтағы 25 ән шырқалды. Барлығы дерлік - тыңдарманның жүрегінен жол тауып, ел арасында кеңінен таралған әуендер. Отанның азаттығы мен туған жердің айбыны жырланғанда көрермен де қарап қалмады. Қол соғып, өнерпаздарға қошемет білдірді. Халықтың ықыласына бөленген әншілер де «атамекенді жырлау – азаматтық борышымыз», - деп біледі.

БАҒДАТ АЛТАЕВ – САЗГЕР:

- Қазіргі таңда әндердің барлығы жеңілденіп кеткен. Патриоттық бағыттағы әндер қатары кемде-кем.Оны орындаушылар да құлықсыздық танытып жатады. Ел тәуелсіздігіне арналған осындай шаралар көп болсын деп тілейік. Бұл ел мерейін асырып қана қоймайды. Тәуелсіздік тағлымын жастарға түсіндіруде айтулы рөл атқара алады.

Тәуелсіздікті жырлап, атамекеннің кешегісін дәріптеуде қай қазақ болмасын, белсенді. Тәуелсіздікке тарту әзірлей келгендердің қатарында эстрада жұлдыздары Бауыржан Исаев пен Заттыбек Көпбосынұлы да бар. Олардың айтуынша, «азаттықты жырламау – азаматқа сын». «Дүние түркілерінің руханият қоғамдық қоры» бастаған шара жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, өрендердің бойында туған жерге деген сезімін оятары сөзсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары