$ 443.85  474.3  4.8

Тәуелсіздіктің тірегі – жастар

Еліміздің киелі астанасы - Түркістандағы медициналық колледждің жастары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арнайы семинар-тренинг өткізді. «Болашақ - жастардың қолында» атты жиында азаттықтың қадір-қасиеті дәріптеліп, ұлт бірлігі насихатталды.

Жастардың қоғамның әлеуметтік дамуы жолындағы белсенділігі дәріптелді. Әлеуметтің еңбекке жарамды болып, әл-ауқатының артуы, ең алдымен, денсаулыққа байланысты. Сондықтан да халық саулығын нығайтып, оларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру – дәрігерлердің басты міндеті. Ал, білікті кадр болып, даярланып, елге еңбек ету – жастарға сын.

ЖАЙНА ӘБДІСАТТАР – СТУДЕНТ:

- Береке, байлық бірліктен келеді. Сондықтан да біз, жастар қашанда бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасқан, үлгілі өнегелі болуымыз керек. Сонда ғана бізде болашақ мықты болады.

Азаттықтың ақ таңы атқан 25 жылда еліміз есерген іс аз емес. Елбасының сара саясаты жастардың жан-жақты білім алуына мүмкіндік берді. Қалаған мамандық бойынша кез-келген өңірде білім алып, тәжірибе жинақтауға болады.Оқытушылар өз кезегінде жастардың патриоттық негізде тәрбиеленіп елге қызмет ететін адал ұрпақ болуына ат салысатындарын айтуда.Өйткені олар, болашақтың тұтқасын ұстар бірден бір күш иелері.Жалпы жиында айтылған келелі ой азаттықты дәріптеуге бағытталды. Ел ертеңі - жастардың патриоттық рухта тәрбиеленіп, мәңгілік елдің мәңгілік ұрпақтары болатынына сенім білдірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары