$ 448.15  483.46  4.86

Тәуелсіз елім – Қазақстаным!

«Тәуелсіз елім - Қазақстаным!». Шымкентте бейбіт өмір мен тұрақтылықтың, тыныштық пен татулықтың қадірін арттыруға арналған кеш болып өтті. Оны Қазақстан халқы ассамблеясының облысымыздағы өкілдігі мен «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі ұйымдастырып отыр.

Мерекеге жиналғандар алдымен, арнайы көрмені тамашалады. Ынтымақ пен татулықтың көрінісін паш еткен этнос өкілдері ұлттық тағамдарын дайындап, он саусағынан өнер тамған шеберлердің бұйымдарын көпшіліктің назарына ұсынды. Ел тәуелсіздігімен қатар негізі қаланған «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігі өңірдегі молдаван, лезгин, гагауз, қарашай, болгар, чех, чуваш сынды аз этнос өкілдерін өз қанатының астына алып отыр. Сондай-ақ, олардың салт-дәстүрін сақтау, мәдени құндылықтарын жаңғыртуға жағдай жасауда. Бүгінгі мерекені тойлауда барлық ұлт өкілдері шет қалмай, бірлігі бекем, тірлігі түзу ел екенімізді дәлелдеуге тырысты. Шара барысында қоғамдық келісімнің нығаюына сүбелі үлес қосқан жандар ерекше құрметке ие болды.

МҰРАТӘЛІ ҚАЛМҰРАТОВ – ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Біз қазақстандықтар бірлік пен ынтымақтың арқасында Тәуелсіздікті тұғырлы етіп отырмыз.Биыл елімізде үлкен мереке. Егемендік алғанымызға ширек ғасыр. Бүкіл этнос өкілдері тойлауды бастап кеттік. Алда түрлі іс-шаралар легі толастамайды. Жалпы тек мерейлі даталарда ғана емес,әрдайым Тәуелсіздіктің маңызын оның қадірін түсіне білуіміз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары