$ 447.4  477.55  4.76

Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік бастауы

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік бастауы». Шымкенттегі Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында ұйымдастырылған Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған шара мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге арналды.

Негізгі әңгіме ел саясатын мүлтіксіз орындауға мүдделі мемлекеттік қызметкерлерге де бағытталды. Байқауға облыс әкімі аппараты жанындағы мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығында арнайы курстан өтіп жүрген тыңдаушылар қатысты. Олар мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырумен қатар, мемлекеттік тілде дайындалатын іс-қағаздардың рәсімін насихаттауға бекінді. Облыстық мемлекеттік қызметшілер даярлау орталығының директоры Зәуре Қабылбекованың мәлімдеуінше, аталмыш шараға мемлекеттік қызметке енді ғана аяқ басқан жас мамандар ат салысуда екен.

ЗӘУРЕ ҚАБЫЛБЕКОВА – ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

- Сайысқа қатысушыларға келетін болсақ, біздің орталығымызға алғаш рет мемлекеттік қызметке келген жас мемлекеттік қызметшілер. Атап айтатын болсақ, тек Шымкенттен ғана емес, барлық аудандардан келіп отыр.

Үміткерлер айшықты сөз саптаумен алдымен, өздерін таныстырды. Ел Заңдарын қаншалықты білетіндерін көрсетті. Ұлт жоспары – ұлық жоспар. Оны іске асыра отырып, дамудың даңғыл жолына бастау - мемлекеттік қызметшілерге міндет.

Айта кетейік, мемлекеттік тілді ұлықтауға арналған дәл осындай шаралар бұған дейін Сайрам мен Созақ аудандарында да ұйымдастырылған болатын. Жалпы, облысты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту мақсатынла 25 жұлдызды күн акциясы өтіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары