$ 448.15  483.46  4.86

Жақсы дәстүр – отбасының тірегі

«Жақсы дәстүр – отбасының тірегі». Шымкенттегі А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен шара осылай аталды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған кеште ежелден келе жатқан салт-дәстүріміз жаңғыртылды. «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болған шара осымен 3-ші рет өткізіліп отыр. Ұйым бұған дейін де аудан және қалаларды аралап, жергілікті халықтармен жүздесіп, салт-дәстүрлерді насихаттау кештерін ұйымдастырып келеді. Мақсат -болашақ ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру.

ДАНА МАМАНОВА – «ҒАЛАМАТ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

- Осы жоба аясында біз тек осы кездесулер емес, сонымен бірге салт-дәстүрлер туралы кітапшалар шығардық. Бұл кітапшаға қазақтың көптеген ғасырлар бойы пайдаланып жүрген салт-дәстүрлерді ұштастырдық.

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, неке және отбасы құндылықтарын сақтау. Басқосуға арқау болған негізгі тақырыптар осы. Жиынға қатысқан түрлі саланың мамандары отбасына қатысты күнделікті тәжіребиелерімен бөлісті. Шара барысында қатысушыларға арнайы дайындалған бейнероликтер мен деректі фильмдер көрсетілді. «Жақсы дәстүр – отбасының тірегі» атты кітапша оқырмандарға таратылды. Мемлекеттің мықты болуы ондағы әрбір жанұяның беріктігімен өлшенеді. Сондықтан талай ғасыр аңсатып келген Тәуелсіздікті тұғырлы ету үшін отбасының негізін мызғымас етіп қалау басты міндетіміз деп тарқасты жиынға қатысқандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары