Нұрлы жол 03.12.2016 сағат 03:55

Сайрамдықтар тәуелсіздік тойына толағай табыспен жетіп отыр

Шымкенттің іргесіндегі Сайрам ауданының экономикалық әлеуеті жоғары. Мұнда халықтың дені шағын және орта бизнеспен айналысады. Ауданда әлеуметтік мәселелер мен инфрақұрылым тарту жұмыстары лайықты деңгейде жүргізілуде.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Сайрам ауданы негізінен - аграрлы аудан. Ежелден ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысады. Кеңес одағы ыдырағанда да төл кәсіптерінен ажырамады. Егін егіп, оны қайта өндеді. Сүт өңдеу жылына 160 мың тоннаға жетті. Мал өсіріп, бордақылады. Ет экспортының жылдық көлемі - 21 мың тонна. Өздері тұтынатын қажеттісінен бөлек, өзге аймақтарға апарып сатады. Ендігі меже - осы етті бұқтырып, өңдеп консерві өнімдерін шығару.Сайрамда ауыз су мәселесі айтарлықтай шешілген. Жыл соңына дейін аудан халқының 80 пайызы газбен қамтылады. Жалпы, коммуналдық мәселелер 2020 жылы түбегейлі шешімін табуы керек,-дейді аудан әкімі. Сайрамда 3 ауысымдағы мектеп мәселесі де жуық арада жойылады. Балабақша жасындағы бүлдіршіндер мемлекет пен жекеменшік әріптестік нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерімен қамтылған. Аудан әкімдігінің ендігі жоспары – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын бұдан да жоғары деңгейге шығару.

САМАТ САПАРБАЕВ – САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауданда қыруар шаруалар атқарылды. Біз ең алдымен жергілікті тұрғындардың талап-тілектерін ескере келе барлық әлеуметтік мәселелерді оң шешуге тырыстық. Сондай-ақ, егемендіктің арқасында қол жеткізіп отырған көптеген мемлекеттік қолдауларға ие болуда жұртшылық. Жұмыс жалғасын табады. Мереке мерейі, егемендіктің мерейі үстем боп арта берсін дегіміз келеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар