$ 513  541.16  4.69

25 жыл! Азаттық! Бостандық! Дәстүрдің қайта жаңғыруы...

«Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат». Осындай атаумен Оңтүстікте басталған игі шара Түлкібас ауданында жалғасты. Ұлттың ұйытқысы бола білген ата-әжелер әдемі көріністер қойып, жастар жадында салттың озығын жаңғыртты. Тәуелсіздік құндылығын дәріптеді.

«Тәуелсіздік – ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» жеткен Ұлы жетістік. Азапты күндерді артқа тастаған қазақ енді «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманның» куәгері. Сондықтан, егемендігімізді мәңгі ету – бүгінгі ұрпаққа аманат. Бірақ, өкінетін тұс бар. Шындық сол, нарыққа бет бұрғалы, тәрбиені осал қалдырдық». Асыны ашына айтқан Шымкент қалалық Білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева, бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі мол болуы қажет, дегенді нақтылай айтты.

Осыдан 20 жыл бұрын мектеп қабырғасында жүріп, жүкті боп қалу, кәмелет жасына толмаған жасөспірім балалардың төбелесі, жан түршігерлік оқиғалардың жиілеуі – «әй дейтін ажа, қой дейтін қожа» болмағандықтан босаңсып отыр. Ата-баба бойымызға сіңіріп кеткен әдеппен тәрбиелесек, ұрпағымыз ұлағатты, саналы боп өсері хақ!

Әлемді әлдилейтін – ана. Осыған байланысты халқымыз қызды еркелете отырып, аялаған, пәлекеттен тиым салған. Осыны дәріптеген ілкі буын жастарға ата-баба дәстүрінің маңыздылығын тамаша көріністермен сомдады. «Жаңа түскен келіннің төркіндеуі», «Шілдехана», «Бесіксалар», «Ашамай» тағысын тағы ескірген дәстүр жаңғырды.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе!». Тәуелсіздікті мәңгі ету рухани құндылықтарымызды сақтап қалудан басталады. Сонда ғана зайырлы елдің ұрпағы дәстүрдің озығы мен тозығын салмақтап, иманды боп өспек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары