$ 446.49  475.38  4.79

Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа аманат

Осы бағдарлама аясында Оңтүстік Қазақстан облысында қолға алынған «Әже - ұлт ұйытқысы» атты байқау Мақтарал ауданында жалғасты. Ата-бабадан мұра болып келе жатқан салт-дәстүрімізді, қарттарымыздың өнегелі қасиеттерін келер ұрпақтың бойына сіңіру – сайыстың басты мақсаты.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған шараның шымылдығы көрерменге қазақы нақышта сәлем беріп, өзін-өзі таныстырудан басталды. Инабаттылық пен имандылық, отбасыдағы әжелер тәрбиесі, олардың ақыл-кеңестері мен ұлттық құндылықтары әрбір ақ жаулықты қатысушының бойынан табылды.

«Өнерге әркімнің-ақ бар таласы», «Салтым–асыл қазынам», «Шебердің қолы - алтын». Сайыс осындай 4 кезеңнен тұрды. Өзара бақ сынасқан әжелер барлық бөлімде еш мүдірмей, кез-келген сұраққа жауап берді. Жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, жас ұрпаққа салт-дәстүрімізді жан-жақты дәріптеуге тырысты.

Бұған дейін шымшаһар мен түстіктің біраз өңірінде өткен байқау Мақтарал ауданында да кең көлемде өрбіді. Жарыс болған жерде жеңіліс пен жеңіс қатар жүреді. Әділқазылар көргені, көкейге түйгені көп ақ аналардың ішінен ең жүйрігін, ақылы кемелдісін таңдап алды. Көп көңілінен шыққан мырзашөлдік әжелер арнайы мадақ-марапатқа ие болып, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Айта кетейік, өңірде 25 жұлдызды күн акциясы әлі де жалғасып жатыр. Іс-шара 25 күнге созылып, 16 желтоқсанда мәресіне жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары