$ 499.51  525.83  4.62

Тәуелсіздік - өткенімізді оралтты, ұмытылғанды жаңғыртты

Еліміз Тәуелсіздік алып, еркіндікке қол жеткізген шақта ұмыт бола бастаған дәстүріміз жаңғырды, өткеніміз оралды. Қазақтың атадан балаға мұра болып келе жатқан қолөнері ішінде «Сәндік қолданбалы» өнердің маңызы зор. Ғасырлар бойы өз құндылығын жоғалтпаған осы атакәсіпті ОҚО Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылындағы гуманитарлық-педагогикалық колледжінің оқытушылары кеңінен насихаттауда.

Білім ордасында 14 мамандық бойынша дәріс беріледі. Соның  ішінде «Сәндік қолданбалы өнер» және «Халықтық кәсіпшілік» мамандығының жас буынға берері мол.  Ой-қиял дамытады. Еңбекке баулиды. Тарихға үңілдіреді. Аудан орталығында осы себепті де атакәсіпке машықтайтын пәнге қызығушылық танытқан жастар көп. Аға оқытушы Мұратәлі Тәжібековтің айтуынша, бұл кәсіпке заманауи үлгілер де ендіріліп отыр. «Кәсіптік бағдар беру бағдарламасы аясында халыққа пайда тиетін, экономикаға үлес қоса алатын жас кадрларды даярлау»,-дейді ол. 

Колледж ұстаздары қазақтың ұлттық  ою-өрнегін уақыт талабына сай  қайта өзгертіп, әрлендіріп отыр. Оларды ұлттық киім үлгілеріне қондырып, жастар талғамына қарай тігуді қолға алған.

Арайлым САДЫҚОВА, оқытушы:

- Бұрынғы ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан ою-өрнектер, қолөнер жұмыстары, киіз басу болсын, бәріне бағыт-бағдар беріп отырамыз. Себебі, келешекте бүгінгі оқушылар келешекте еліміздің атын әлемге мәшһүр ететін дизайнер болуы мүмкін. Елбасы айтқандай, іргетас қаланып қойды. Оны мықты ету қоғамның қолында.

Колледж оқушылары жасаған қазақ, өзбек ұлттық музыка аспаптары қазірдің өзінде сұранысқа ие. Сапасы да жоғары. Тәуелсіз елдің жастары келешектің кемелденуіне нық сеніммен қарайды. Ұстазсыз-ақ алғашқы қадамды жасап жатқандары бар.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары