$ 441.66  475.14  4.86

Мақтаралда жаңа нысандар ашылып, тұрғындар жұмыспен қамтылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтарал ауданында шағын және орта бизнесті дамытуға Асықата кенті тұрғындарының қосқан үлесі қомақты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында елдімекенде тағы бір кәсіпкерлік нысаны ашылып, он бес адам жұмыспен қамтылды. Ел қамын ойлаған іскер азаматтар бұл біздің мерейлі мерекеге арнаған тартуымыз дейді.

Асықата кентінде бір мезетте 70 адамға қызмет көрсететін заманауй үлгідегі монша іске қосылды. Мұнда шомылып қана қоймай массаж қабылдап, жайланып шәй ішуге мүмкіндіктер жасалған. Қаладан кем түспейтін хауыз, шаштараз қызметі тағы қосылады.

«Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың кәсіпкерлерге жасаған ыңғайына көмегіне байланысты осындай кәсіптік орындарды ашып дамып отырмыз.Өзіміздің жергілікті халық санының өсуіне байланысты осындай кәсібімізді кеңейтіп халыққа ыңғайлы қылып ашып отырған жайымыз бар»-дейді кәсіпкер Бақдәулет Кенжебаев.

Он екі мыңнан астам тұрғыны бар Асықата кентінде бүгінде 144 кәсіпкерлік нысан халыққа қызмет көрсетеді. Оның үшеуі дәл осындай көпшілік көңілінен шығатын монша. Ауыл азаматтары осымен ғана шектеліп қалмай, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне тағы да 3 кәсіпкерлік нысан ашуды көздеп отыр. «Кәсіпкерлік дамыған сайын, халықтың жағдайы жақсарады. Бірінен соң бірі озған қызметтер көп орайда бәсекелестік туғызып, жұртқа арзан баға ұсынады. Дамыған елдердің барлығы сондай. Себебі, бәсекелестік бар жерде, сапа жоғары болады». Мақталы алқаптың жетістігіне қуанған тұрғындар атынан Сырым Жүсіпов осылай дейді. «Жас келсе, іске». Жігерлі жандар тұрғанда, ел экономикасы да қарқынды дамитыны анық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары