$ 499.51  525.83  4.62

Сарыағашта «Менің Қазақстаным» атты концерттік кеш өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Менің Қазақстаным» атты  мәдени іс-шара болып өтті. Оған қаладағы 12 білім ордасының ұстаздары қатысып, Тәуелсіздіктің мерейлі мерекесіне тарту ретінде өз өнерлерін ортаға салды.

Сарыағашта жыл басынан бері Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тағылымы мол  көптеген мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Спорттық жарыстар, тәрбиелік мәні зор кездесулер мен кештер көпшілік қауымның көңілін серпілткені анық. Бұл жолғы «Менің Қазақстаным» атты концерттік бағдарлама тіпті өзгеше.

Сәуле СҮЛЕЙМЕНОВА, Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары:

- Бұдан бұрын «Қазақстан - бірлік пен татулық мекені» атты іс-шара өтті.  Барлық мекемені қамтыдық. Қоғамдық ұйымдар арқылы «Аталар сөзі - ақылдың көзі» деген тақырыпта  Тәуелсіздіктің жетістіктері жөнінде ата-әжелер кейінгі буынға өздерінің ақыл-кеңестерін айтып, дөңгелек үстелдер өткізді. Бүгінгі іс-шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз да сол бейбіт күннің тыныштығын жас ұрпақ бойына сіңіру.

Тәрбиелік мәні зор мәдени шарада таланттар бойға қуат беретін,  жан тебірентер патриоттық әндер шырқады. Құнды сахналық қойылымдар да жұртшылықтың жоғары бағасын алды. «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналып, өткізіп жатқан іс-шаралар ауқымы кең. Әрбір ауыл әкімшілігінде, әрбір ауылда көптеген іс-шаралар өтті. Бұл іс-шараның үлкен тәрбиелік мәні оушыларға, жастарға жалпы халыққа шарапаты мол болады дер есептеймін. Тәуелсіздігіміз нығайа берсін!» - дейді Сарыағаш қаласының төбе биі Рахымберді Оспанов.

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шарада Шәкәрім атындағы мектеп ұстаздары би өнерінен асқан шеберлік танытса, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімдері халық аспаптары оркестрінің қолдауымен «Сарыжайлауды» шабыттана шырқады. Сарыағаштықтардың сайын дала төсін бағалауға, қадірін білуге үндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары