$ 441.66  475.14  4.86

ОҚО: «Тәуелсіздікке тарту толастамайды»

25 жылда жеткен жетістіктерге тәубе еткен күнгей жұрты ел Тәуелсіздігін түгелдей атап өтуде. Мереке жақындаған сайын, тарихи күнге өзіндік салтанатпен, қолтаңбамен барудың шаралары жандана түскен. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданындағы Кеңсай жалпы орта мектебінде айтулы датаға арналып, үш бірдеу тарту жасалды.

Әуелі білім ұясының кіре берісіне үлгідегі қақпа қойылды. Ескі мектептің орнында қалып қойған Ұлы Отан соғысының майдангерлеріне орнатылған ескерткіш жаңа ғимараттың алдына көшіріліп, биіктетілген орынға қойылды. Сондай-ақ, ауылдық өткені мен бүгінін танытатын жәдігерлер жинақталған мұражай ашылды. Кеңсайлықтардың есінде қалатын игілікті жұмыстардың жүзеге асуына аталмыш білім ошағының директоры Затыбек Райжанов себесін болып отыр. «Жақсы бастама Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келді. Мұның өзі еліміздің еңсе тіктеп, еркіндікте ғұмыр кешуінің дәлелі. Өзі би, өзі қожа. Өзгеге жалтақтамай, болашақтың айқын жоспарын жасай алатын күнге жеткенімізге шын жүректен қуаныштымыз»,-дейді Кеңсай ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Жарқынбаев. Ал, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің облыстағы меншікті тілшісі Б.Тайжан қайда жүрсе де қазақ халқының бауырмал екенін айтып, ағынан жарылды. Мектеп оқушылары да қарап қалған жоқ. Сыйға-сый жасады. Арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, әсем әннен шешу шашты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары