$ 498.34  519.72  4.85

Көші түзу кемел ел

Көші түзу кемел елдің жастары білімді, әрі белсенді. Кентау қаласының бір топ оқушылары Тұңғыш Президент күні мен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын бірге тойлады. Олар Ел қалаған Елбасы күнін салтанатты түрде атап өтті. Білімімен, өнерімен, алғырлығымен түрлі сайыстарға түсіп, көреген көшбасшыға арнауларын айтты.

Талай баланың талабын ұштап, қанатын қатайтқан №12 мектептің 60 жылға жуық тарихы бар. Қазір мұнда 655 оқушы тәлім алады. Дамудың даңғыл жолына түскен білім ошағы жыл өткен сайын жоғары көрсеткіштермен көзге түсуде. Тәуелсіздіктің торқалы тойымен қатар келген Елбасы күнінде оқушылар өз өнерін паш етті. Олар ұлтының мақтанышына айналған, қазақ жұртын бүкіл әлемге танытқан Президентін үлгі тұтады. Бүгінгі шалқыған, балқыған өмір Егемендіктің арқасы деп біледі. Білім ордасы оқушыларға қажет заманауи құралмен толық жабдықталған. Ал, этно құрал-жабдықтар сақталған мұражай тарихтан сыр шертеді. Себебі, өткенін білмей, елдің өсуі мүмкін емес. Қазіргі таңда оқушылар бойына адамгершілік пен отанға деген адалдық қасиеттерді сіңіруде ұстаздар қауымы аянбай еңбек етуде.Олар өзіндік пікірі қалыптасқан алғыр елдің азаматтары ғана биік белестерді бағындыра алады деп біледі. Кентаудағы нөмірі 12-ші Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп директорының сөзінше, балғындардың барлығы дарынды. Олар Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жақсы түсінеді. Іс-шара барысында азаттықтың ақ таңы туралы жырлар оқылып, көрермендерге қойылымдар қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары