$ 439.43  473.31  4.82

Диагностикалық орталық мерекелік акция ұйымдастырды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысындағы медициналық диагностикалық орталығы тамаша бастамаға ұйытқы болды. Медициналық ұйым ас қорыту мүшелерін 72 есеге ұлғайтып көрсететін аппаратқа азаматтарды тегін түсірді. Эксперттік аппарат «Эвис ексеро-180» деп аталады.

Мерейтойлық акция шеңберінде азаматтар ас қорыту жүйесінің кез-келген ақауын анықтай алды. Тексеру барысында мамандар науқастардан биопсия алып, ойық жараларын, ісіктерін тапты. Полип анықталған жағдайда асқазанды тілмей-ақ алып тастады. Заманауи жабдық науқастардың дертін демде емдеді.

БАУЫРЖАН КҮРЕКБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЭНДОСКОПИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

- Қазіргі таңда жер-жерлерде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай көптеген шаралар өткізілуде. Бізде қалыс қалмай, салауатты Қазақстан салауатты азаматымен көрікті дегендейц, осындай акция ұйымдастырып отырмыз. Тегін кеңестер, тегін емделу шаралары тұрғындардың көңілінен шығуда.

Айта кеткен жөн, облыстық медициналық диагностикалық орталығы 25 жылда жаңа үлгідегі 25 түрлі аппарат сатып алған. Соның бірі - «Валюсон Е-8» құралы. Жүкті әйелдердің жүйкедегі жүгін жеңілдетіп, құрсақтағы шарананың ақауларын анықтайды. Озық үлгідегі аппаратқа деген сұраныс жоғары. Сондықтан орталық мамандары 2017 жылы матрицалы пернетақтасы бар «Валюсон Е-10» сатып алуды көздеп отыр. Облыстық диагностикалық орталықтың басшылығы жаңа аппараттарды жаңартуға баса көңіл бөледі. Жасалған жағдайға көңілі толған тұрғындар отандық медицинадағы бұл жетістіктерді Тәуелсіздіктің жемісі деп біледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары