08.12.2016, 05:05

«Әже – ұлттың ұйытқысы»

«Әже әлдиі». Оңтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесі мен «Ырыс алды - ынтымақ»  қоғамдық форумы  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үлкен шараны қолға алды. Форумның басты мақсаты - қазақ әжелерінің рөлін арттырып, өнегесін насихаттау арқылы ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын көтеру.

Бабаларымыздың жақсы қасиеттерін келер ұрпақтың бойына сіңіріп, инабаттылық пен имандылыққа дәріптеуді көздегендер ауқымды шара аясында салиқалы ой саптады. Алқалы мәжілісте алдымен, сөз алған әжелер алқасының төрайымы Үрзада Айтөреева  ұрпақ тәбиесінің өзекті мәселелеріне тоқталды. Облыстық әжелер алқасының атқарып отырған жұмысына есеп берді. Қазақы ұрпақ тәрбиесінде қашан да әженің орны бөлек. Атқаратын рөлі айрықша. Жаңа түскен келінге де, ұрпақ жалғайтын ұлға да, қылықты қыздарына да қоғамның осы тобы ақылын аямаған. Өмірлік мәні бар жол сілтеп отырған. «Қазіргі буын да сондай асыл әжелеріміздің мейіріміне, айтар ақыл-кеңесіне зәру. Бірақ, Қазақтың өзіндік «жазылмаған дала заңдары» жайына қалып, ұлт ұлттық тәрбиеден алшақтай түсуде. Басқаша айтсақ, әркім өз білгенімен жүруде»-, дейді  форумға қатысушылар. Бүгінде оңтүстікте  19  аудан-қалалық  әжелер  алқасы  жұмыс істейді. Оларда 620 бастауыш ұйым белсенді еңбек етуде. Алға қойған мақсат-міндеттің үдесінен шығу үшін бекітілген жоспарлары да бар. Әжелер алқасы ұлттық салт-дәстүр, әдет ғұрпымыздың қайта жандануына үлес қосып жүр. «Әже –ұлттың ұйытқысы» атты байқау осыған дәлел. Бұл сыннан іріктелген ақжаулықтылар бүгінгі ақтық додада бақ сынады. Үмітін үкілеген «Достық» әжелер тобы - таңдаулы үміткерлердің сапында.

ҮРЗАДА АЙТӨРЕЕВА – ОБЛЫСТЫҚ ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

Бүгінде әлеуметтік желінің ждетегін,де кеткен жастар көп. Оларға дұрыс тәрбие, отан мен ел туралы ұғымды жете түсіндіріп жатқан ешкім жоқ Сондықтан, осындай форумдарда келелі тақырыптар қозғалып, ертегісін айтатын әжелерге ой салу арқылы саналы ұрпақ қалыптатсыруға септесу  біздің мақсатымыз.