07.12.2016, 13:16

Зияткер ұрпақтың дені сау болуы керек

Дені сау ұлт. Салауатты өмір салтын ұстану. Ел тәуелсіздігін атап өту бойынша қолға алынған  «Жұлдызды 25 күн» акциясының бір бағыты дене шынықтыруға арналған.

Осы орайда қай қоғамда болмасын, спорт пен еңбекке баулуды ұштастыру арқылы  жас ұрпақты оң жолға салу – маңызды іс. Осындай пікірді негізге алған Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік  мектебінің  ұжымы да арнайы іс-шара өткізді. Химия-биология пәндері бойынша мамандандырылған Назарбаев зияткерлік мектебінде 650 оқушы білім алады. Бүгінгі ұйымдастырылған спорттық шараға Рио де Жанейро олимпиадасына қатысқан Сабина Әшірбаева да арнайы келді. Көркем  гимнастикадан  Әлия  Юсупова мектебінің түлегі оқушылармен бірге өткен флеш-мобқа қатысты. Өзі де нұсқаушы болып, оқушыларға білгенін үйретті. Мектеп ұжымы спортшылармен кездесу шәкірттерге салауатты өмір салтын ұстануға сеп болады ,- деп есептейді. Сонымен бірге, мектеп оқушылары тек білім алып қана қоймай, дене шынықтыруға да ерекше көңіл бөлгені жөн, - деген пікірде.

БАЛҚАН МАРАТҰЛЫ – ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Біздің балалар дені сау ұрпақтың ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азамат боларын жақсы біледі. Назарбаев зияткерлік мектептері сапалы білім беріп қана қоймайды. Спорттық бастамаларға үлкен мән береді. Күнделікті өздері айналысатын жаттығуларынан бөлек, қаншама айтулы спорттық додаларда топ жарып жүр.