$ 498.34  519.72  4.85

Ақ жаулықты әжелер 25 түп көшет отырғызды

Шымкентте алтын құрсақты аналар еліміз өсіп-өнсін деген ниетпен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырып, 25 түп ағаш көшетін отырғызды.

Кимешек киген 25 әжейдің алды 90-ға келген. Еңбегінің зейнетін көріп отырған ақ жаулықты аналардың арасында байырғы ұстаз бен дәрігерлер де бар. Олар аналық аялы алақандарымен ел ішінде бірлік пен ынтымақ салтанат құрсын деген ниетпен осындай игі бастаманы қолға алды. Айта кеткен жөн, Оңтүстікте жалпы әрбір бесінші шаңырақ көпбалалы  отбасы  ретінде  саналады. Сондай-ақ, ордалы оңтүстікте 150 мыңнан астам батыр ана тұрады. Жасы егде тартса да, өмірден көрген, көкейге түйгендерін әлі күнге дейін өскелең ұрпаққа үйретуден жалыққан емес. Қолына күрек алып, ерлермен бірдей еңбек еткен әжелер қауымы саябаққа отырғызған жасыл желектерінің көлеңкесі көпшілікке сая болатынына сенімді.

ҰЛБАЛА САУДАБАЕВА- КӨПБАЛАЛЫ АНА

- «Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген өзімізде ұстамдылық бар. Келешегіміз біздің ана болып өткен ұрпағымыздың бар екенін біліп оқысын деп отырмыз. Еліміз аман халқымыз тыныш болсын деп отырамыз.

ЖЕҢІСБЕК МӘУЛЕНҚҰЛОВ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Табиғатымызды аялауымыз керек. Оны аялау үшін оған тиісті ағаш болсын, гүлзар болсын, гүлдер болсын басқасын отырғыза отырып, соны қалай тәрбиелеу өсіру керек екенін үлгі-өнеге болсын деп осы іс-шараны өткізіп отырмыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары