$ 498.34  519.72  4.85

Тіл мәртебесі – тәуелсіздіктің еңсесі

«Ұлы дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты жалпы республикалық акция сы аясында Шымкентте Мемлекеттік тіл мәселесіне арналған ауқымды шаралар  өтуде. Осы мақсатта Оңтүстіктегі Опера және балет театрында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің негізі» атты жалпықалалық форумы ұйымдастырылды. Оған Шымкент қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйытқы болды.

Шараға қатысқан мемлекеттік органдар мен мекемелер, этномәдени бірлестіктердің, бизнес қауымдастықтардың өкілдері мен жастар мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші күш екенін ерекше атап өтті.

Форумның басты мақсаты – Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және нығайту болды, – деді тілдерді оқыту орталығының басшысы Нұрила Жұманова.

Шара барысында түрлі тіл байқауларының жеңімпаздары қала әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Соның ішінде жалпықалалық диктант жазудан үздік шыққан этнос өкілдерінің 8 сынып оқушылары марапатқа ие болды. Сонымен бірге, мұндай құрметке колледж оқушылары арасында мазмұндама конкурсының жеңімпаздары мен жоғары оқу орындары студенттері арасында эссе жазудан жеңімпаз атанғандар, сондай-ақ БАҚ басылымдары бетінде мемлекеттік тілде мақалалары жарық көрген Мемлекеттік органдардың өкілдері де лайық деп табылды. Жеңімпаздарға наградаларды қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Базарқұлов тапсырды.Тілдерді оқыту орталығы қызметкерінің орындауындағы қазақтың «Еркем-ай» әні форумның әсерін еселей түсті. Ең қызығы, әнді орындаған үш қыздың аты да Татьяна екен. Қазақтың тілін мүлтіксіз меңгерген атақты үш әнші Татьяна сияқты бұлар да жұртшылықтың ризашылығын туғызды. Форумға қатысқан Татьяна Бурмистрова өзі сияқты өзгелердің де қазақ фольклорына сүйіспеншілікпен қарауға үндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары