$ 498.34  519.72  4.85

Бірлік пен ынтымақ – тәуелсіздік кепілі

Шымкенттегі облыстық тарихи-өлкетану мұражайына Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған көрмеге келушілердің қатары артуда.

Мұндағы «Тәуелсіздік жылдарындағы облыстық этномәдени бірлестіктердің жеткен  жетістіктері» көрмесінде этностардың тарихынан, салт-дәстүрі мен мәдениетінен хабар беретін 500-ге тарта жәдігерлер таныстырылды. Орталықтың экскурсовод-маманы Қатира Сырманова әрбір ұлттың салт-дәстүр, рәсім, жол-жоралғы түрлеріне тоқталды. Тіпті, олардың кейбірі бүгінде ұмытыла бастағанын көрме жәдігерлері еске салып, жаңғыртқанын шараға қатысушылар ризашылықпен айтып жатты. Ал ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов этносаралық татулық пен бірлік ел Тәуелсіздігінің басты құндылығы екеніне ерекше тоқталды.Қазақстандықтардың біртектілігін нығайтудың маңызы зор. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында татулықты, ауызбіршілікті сақтап, айрандай ұйып отырған елміз. Осы тыныштықты бағалауымыз керек. Бүгінгідей іс-шаралар өзге ұлт өкілдері мен қазақ халқының рухани жақындығын арттырады. Әр этнос өкілдері өздерінің салт-дәстүрін ұмытпаумен бірге өмір сүріп отырған елдің ұлттық құндылықтарын да бағалай білуі тиіс. Себебі, біздер – қазақстандықтармыз. Әрбір қазақстандық отансүйгіштігін осылай дәлелдейді, – деді ол.«Достық» залының ортасына экран орнатылған. Ол жерден қазақ халқының барлық әдет-ғұрпы мен сәлт-дәстүрін тамашалауға болады. Сондай-ақ, кітапшалар мен Мекемтас Мырзахметовтың «Қазыналы Оңтүстік» көптомды шығармалар жинағының 300 томы осындағы кітап сөрелерінен орын алыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары