$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да 16 ауыл көгілдір отынмен қамтылды

Ел егемендігін алған 25 жылда айтулы өзгерістер, өсу-өну бар. Ең негізгісі - өркениеттен кенже қалған ауылдар да абаттандырылып, әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып отыр. Қуанышқа кенелген Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданының халқы көптен күткен қуанышқа кенелді.

Атап айтқанда, аудандағы бірнеше елдімекен тұрғындары көгілдір отынмен қамтылып отыр. Атап айтқанда, Шарбұлақ, Ащыбұлақ, Жаңабазар, Жылыбұлақ, Жаңажол, Жаңаталап, Қарабастау, Тілектес, Үлгілі, Қарабау, Сынтас, Жұмысшы, Үшбұлақ, Махамбет Өтемісұлы, Үшбұлақ және Жіңішке ауылдарына газ берілді. Әр ауылда той... Тәуелсіздікке тарту...

Жиналған жұрттың қуанышына ортақтасқан аудан әкімі Төлеген Телғараев: «Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойын лайықты табыстармен қарсы алу жолында көптеген игілікті шаралар өткізілуде. Сондай шараның бірі - Шарбұлақ ауылына табиғи газ жүйесінің қосылуы дер едім. Әрине, елді мекендерге табиғи газ жүйесінің қосылуы үлкен жетістік. Әсіресе, күнделікті ағаш жарып, тезек теріп, күл шығарып жүрген аналарымыздың жұмысын жеңілдетеді», - деп атап өтті.

Ал, Шарбұлақ ауыл округінің төбе биі Амантай Құтымбет ақсақал тұрғындарға газдың берілуін Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына жасалған тарту ретінде дәріптеп, ауыл халқының атынан Елбасыға, аудан атқа мінерлеріне ризашылығын жеткізді. Айтып өтейік, жыл соңына дейін Қазығұрттағы тағы 16 елдімекен көгілдір отынмен қамтылады. Оның ішінде: Жігерген ауыл округінен төрт, С.Рақымов ауыл округінен үш, Алтынтөбе және Тұрбат ауыл әкімдіктеріне қарасты сегіз ауылға газ қосу жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары