$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО: Ел тәуелсіздігіне оқушылардың тартуы

Сарыағаш ауданындағы №4 мектеп интернатында  Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік өтті. «Ел үшін - менің еңбегім!» деген  оқушылар өз тартуларын арнайы флешмобпен жеткізді.

Тәуелсіздіктің тұғырлы болуын тілеп, ұрандатқандар бұл шараны «Жұлдызды 25 күн» акциясы аясында ұйымдастырды. Негізгі мақсат - жастарды бостандық деген бақытты бағалай білуге шақыру. Сол арқылы егемендіктің баянды болуына үлес қосуға үндеу. «Азаттық таңында өмірге келген ұрпақпыз. Ел үшін біздің еңбегіміз жақсылап білім алып, соны мемлекеттің гүлдену жолына жұмсау», - дейді оқушы Аружан Жақсылықова.

Балаларға сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие беріп отырған №4 мектеп-интернаты Тәуелсіздікпен бірге түлеп келеді. Оған дәлел, соңғы жылдары аталған білім ошағы заманауи құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілді. Мұғалімдер біліктілік арттыру курстарынан өтті. Оқу бағдарламасына «Кэмбридждік» тәсіл енгізілді. Нәтижесінде жыл санап, білім көрсеткіші жақсарып отыр. Осының барлығын Тәуелсіздіктің жемісі деп, білген мекеме басшысы зор мүмкіндіктер бар кезде, оқушылардың дұрыс тәрбие алып, олардың ұлтжанды боп қалыптасуына ұстаздардың да қосар үлесі мол екенін айтады.

Күмісбек Құрбанбаев  -  №4 мамандандырылған мектеп – интернатының директоры:

-Егеменді елдің қол жеткізген биік асуларын әрбір оқушының санасына сіңіріп өсіру үшін құрғақ сөз емес, іс керек. Бұған рухани-танымдық кештердің пайдасы зор. Қазіргі жастар басқаша. Олардың өз талғамы бар. Соған сәйкес, флэшмоб билеттік. Осы арқылы олар бірлесе қимылдауға, татулықтың діңгегін сезінуге мүмкіндік алатыны сөзсіз.

Айтып өту керек, мектеп-интернатында тәуелсіздікке арналған шаралар легі тек мұнымен шектелмейді. Желтоқсанның 15-іне дейін әр күнге арнайы айдар тағылып, басқа да жиындарды өткізу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары