$ 443.37  474.49  4.83

Жұлдызды 25 күн жарқын болашақ иелерін анықтады

Шымкенттегі физика-математика бағытындағы  білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының қолынан шыққан робот-комбайндар халықаралық конференцияда жеңімпаз атанды. Бұл жеңісті зияткер шәкірттер Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап отыр.

Сондай-ақ, респбуликалық «Дарын» ғылыми жобалар байқауында мұнай өңдеу саласына арналған  ғылыми жаңалықтары да жүлделі орынға ие болған. Мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болған игілікті іс, талай талантты баланы жарыққа шығармақ. Аталмыш мектепте мұндай үйірмелер 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Үйірме жетекшісі, Берік Мырзабаевтың айтуынша, үйірмеге тұрақты түрде келіп жүрген 100 баланың барлығы да болашағынан зор үміт күттіретін балғындар. Бұл жерде олар болашақта таңдайтын мамандықтарына машықтанады, ой-өрісін айшықтайды, кез-келген тығырықтан шығудың жолдарын үйреніп, тез шешім қабылдауға дағдыланады.

Қазіргі таңда үйірмеде негізінен «Lego» роботтарды құрастыру ісі үйретілуде.Робот жиынтықтары әр үш жылда жаңартылып отырады. Жалпы еліміз бойынша дарынды балалардың талантын шыңдайтын Назарбаев зияткерлік мектептерінің аз уақыт ішінде үлкен жетістіктерді бағындыруы қуантарлық жағдай. Бұл ең алдымен Елбасының байыпты бағдарламаларының жүйелі жүзеге асып жатқандығының жемісі. Сондай-ақ егемендіктің ел болып еңсе тіктеуге септесіп жатқандығы,-дейді оқытушылар қауымы.

Айта кетейік, 21 қараша күні ОҚО-да 25 жұлдызды күн акциясы басталған болатын. Аталған шара 15 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары