$ 498.34  519.72  4.85

Игі істің барлығы тәуелсіздік тойына арналды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Парасат» колледжінде «Бізді қоршаған тіршілік көзі- жаратылыстану» тақырыбында апталық өтті. Жалпы білім беру және педагогикалық пәндер бөлімі физика, математика, химия және биология пәндері бойынша өрбіді.

Апталықтың ашылу салтанатында топаралық сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа үш оқу тобының студенттері қатысты. Әр пән бойынша викториналық сұрақтар  қойылып, ғылыми-практикалық тәжірибе жүзінде өрбіді. Жаратылыстану - қазіргі қоғамға ең қажетті кадрларды даярлайтын ғылым саласы. Мемлекет басшысы  Тәуелсіздік жылдары техникалық саланы дамытуға ұдайы екпін беріп келеді. Осылай деген колледж директоры Маржан Муталбекқызы, өткізілген апталық кешке жоғары бағасын берді.

Ал, Қазығұрт аудандық «Комсомол» жалпы орта мектебінің оқушылары «Ағашым өзіммен бірге өседі» республикалық акциясы аясында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап, мектеп ауласына көшеттер отырғызды. Мерекелік көңіл-күйге ұласқан шараны  мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға үйрету, отансүйгіштік пен табиғатты аялай білуге шақыру.

Айта кетейік, 21 қарашадан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында 25 жұлдызды күн акциясы басталған болатын. Айтулы шара 15 желтоқсанда соңына жетеді. Оның аясында түрлі мерекелік шаралармен бірге қайырымдылық акциялар да өтетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары