«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі». Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Шымкенттегі мектептер мен орта арнаулы оқу орындары бір мезетте таңертеңгі алғашқы сабақтарын еліміздің әнұранымен бастады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бұл күні мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасы студенттерге түсіндірілді. Айтулы шараға үлес қосқан оқу орындарының бірі – қаладағы Жаңа технологиялар колледжі болды. Шарада ұстаздар қауымы тәуелсіздік елімізге оңай келмегендігін жастарға айтты.
Ал, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде 300-ге жуық жас азамат «Мен Қазақстанды сүйемін» деген белгімен флешмоб өткізді. Тәуелсіздікке тарту жасаған жас ұрпақ ел ертеңі біз жастар деп ұрандатты.
Жалпы өңірде өтіп жатқан акцияға 117 мың студент пен 500 мыңнан астам оқушылар тартылған дейді облыстық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы. Сондай-ақ Кентау қаласында көлік жүргізушілеріне арнап 1000 дана жалауша сыйлық ретінде үлестірілді. Шараға қатысқан жастар өзіндік пікірлерін де білдіріп жатты.
Тәуелсіздік біздің жастарға оңай келмегені белгілі. Алдағы уақытта тәуелсіздік тұғырын биік ету біздің жастардың қолында екенін сезінеміз. Еліміздің болашағы үшін жастар, терең білім алып елге қызмет етеді деген сенімдеміз,-деген ниет-тілекке толы жылы лебізде тарқасты.