$ 444.22  476.38  4.82

Тәуелсіз мемлекет, тәуелсіз сот билігі

Елдің тәуелсіздігі – соттың тәуелсіздігі. Егемендіктің 25-ші жылы. Осы уақыт аралығында бейбіт жолмен қол жеткізген тәуелсіздікті сақтай отырып, Қазақстан халқының құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын дербес, демократиялы сот жүйесі қалыптасты.

«Тәуелсіздік және сот билігі». Мерейлі мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облыстық сот қызметкерлері ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Жиында сот билігінің ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктері баяндалды. Экономикалық, әлеуметтік, банктік, құқықтық революция. Шын мәнінде, біз кейде осы бағыттағы жетістіктеріміз туралы көп айтамыз.

Азаматтардың құқығын қорғайтын әділ сот қызметі туралы көп жағдайда ұмыт қалып жатады. Мемлекет басшысының сот саласын реформалауға ерекше мән беруінің арқасында Қазақстанның сот биілігі биік белеске көтерілді. Соңғы үдеріс – құқықтық құрылымның 5 сатылы соттан 3 буынды сот жүйесіне өтуі.

Алқалы мәжіліске қатысқандар тәуелсіз елдің тәуелсіз сот саласындағы толайым табысына толыққанды тоқталды. Егемендік алған 25 жылда судьялар мыңдаған дауға нақты шешім шығара білді. Әділетті нүкте қойды. Ар-ұят  пен адамгершілікті ту етті. Білікті судья қандай  қыспақтан да тура жол табады. Күрделі істің күрмеуін де әділ шешеді.

Тағдыршешті кезеңде «өгізді де өлтірмей, арбаны сындырмайтын амал табу – қиынның қиыны. «Ал, жауапкершілік жүгі ауыр салада тек қара қылды қақ жарған, әділеттілер ғана еңбек етуі тиіс», - дейді шара белсенділері.

Мәңгілік елді мұрат тұтқан мемлекетте тәуелсіздік құндылықтарын қорғайтын, адамгершілік келбеті айқын, турашылдықтан таймайтын әділ, әр адамның құқығын қажымай қорғайтын қайырымды сот болуы тиіс. Жиыннан түйген ой осы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары