$ 499.51  525.83  4.62

Тәуелсіз ел ұландарының тартуы

Бұл той – шыншыл данаға да, тәтті қылығымен сыршыл балаға да ортақ. «Тәуелсіздік» дегеннен дәл қазір елдің өткенін ұқпаса да, ертеңін жалғастыратындар – солар, бақытты балдырғандар.

Бүгін Шымкенттегі «Қуаныш әлемі» балабақшасының ұжымы тағылымы терең шараға ұйытқы болды. Бақытты балалық шақ балабақшадан бастау алады. Осындай ұранды ту еткен «Қуаныш әлемі» бөбекжайының ұжымы Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап, концерттік тарту жасады. Әдемі кеште әр түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті таныстырылды.

Қазақстан халқының мызғымас бірлігі паш етілді. Бірі мың бұралып би билесе, енді бірі әуезді әсем әнімен баурап алды. Жас таланттардың өнері қонақтарды қуанышқа бөледі.

Қазақстан озат отыздықтың қатарына ену үшін қарышты қадамын жасауда. «Қазақ тілін – өз тілім», өзге екі тілді заман талабы, ел саясатына сай жіті меңгеріп жатқан мұндай ұлы дала ұландары барда Қазақ мәңгі, Тәуелсіздік тұғырлы!  

Мерекелік көңіл-күй салтанат құрған шараға бөбектер белсене ат салысты. «Ұлттың ұлы үміті – осы балаларда. Еліміздің еңсесі тік, қадамы нық болуы үшін бар күш-жігерді осы балаларға салып, ізгі етіп тәрбиелеу – басты міндет», - дейді «Қуаныш әлемі» балабақшасының меңгерушісі Фарида Байтекова.

ФАРИДА БАЙТЕКОВА – «ҚУАНЫШ ӘЛЕМІ» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бұл балабақша «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған. Кішкентай, мектепке дейінгі балаларымызды Отансүйгіштікке, сүйіспеншілікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелейміз. Бұл іс-шарада 3 жастан бастап, балалар өнерлерін көрсетіп жатыр. Түрлі ұлттар қатысқан. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өздерінің өнерлерін көрсетіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
«Жыл үздіктері» анықталды
Келесі жаңалық
25 жылдың жетістіктері