$ 447.4  477.55  4.76

25 жылдың жетістіктері

Шымкентте Қазақстан Коммунистік Халық партиясы өкілдері Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында жастармен кездесу өткізді. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Партия өкілдері отырыс барысында мемлекетіміздің осы уақыт аралығында жеткен жетістіктерін тілге тиек етіп, өздерінің осынау жетістіктерге қосқан үлестері жайында айтып берді.

Қазақстан 25 жыл ішінде өзін күллі әлемге мойындатып, алты құрлықтың арасынан ойып тұрып орнын алды. Өзінің экономикалық жағынан қандай қиындықтарға болсын төтеп бере алатынын көрсетті. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы ұйымдастырған пікірталас алаңында осындай ойлар айтылды.

Айтып өту керек, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы: талдау, жетістіктер, сын-тегеуріндер» тақырыбында өткен қоғамдық пікірталас жиынына мемлекеттік орган өкілдері мен саяси партия, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Онда еліміздің жүріп өткен жолы сөз болды. Ширек ғасырда қабылданған бағдарламалардың ел дамуы үшін қаншалықты серпін бергені айтылды. Қатысушылардың пікірінше, Елбасы тарапынан қабылданған барлық бағдарлама ел дамуына елеулі үлес қосқан.

НҰРЛАН ҚАДЫРҚҰЛОВ – ҚКХП ОҚОФ ТӨРАҒАСЫ 

Қалыптасқан ел ретінде бізді бүкіл дүниежүзі мойындап отыр. стратегиялық ресурстар қоры және біздің геосаяси орынымыз. Бүгінде барлық ұйымға біз мүшеміз. .

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өтіп жатқан «25 жұлдызды күн акциясы» аяқталуға жақын. 21 қарашада бастау алған шара 15 желтоқсанда мәресіне жетеді. Оның аясында түрлі мерекелік және рухани шаралар өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары